Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Өмір салты – денсаулық»
05.01.2024
Абонементтер бөлімі жаңа жылды жыл бойы жұмыс істейтін «Өмір салты – денсаулық» атты көрме-үндеумен бастады. Ұсынылған кітаптардан сіздер денсаулықты қалай қалпына келтіруге және сақтауға болатындығын біле аласыздар. Олардың ішінде П. Абрахамстың «Егде жастағы денсаулық», У. Жарқынбайдың «Саулық кілті өз қолыңда», М. Норбековтың «Главные правила здоровой жизни» кітаптары бар. «Апатқа апарар үш індет», А. Каррдың «Как стать счастливым некурящим», Р. Исаевтың «Бросить курить раз и навсегда» басылымдары да оқырманның назарын аударары анық. Осы кітаптарды оқығаннан кейін адамдар темекі шегуді неге бастайтынын, темекі ағзаға қалай әсер ететінін және темекіні тастаудың тиімді әдістерін білуге болады.
Ә. Субханбердинаның «Есірткі – қазіргі заман кеселі», Б. Камисаровтың «Подросток и наркотики» кітаптарында нашақорлықтың белгілері туралы, өмірге қауіп тудырар зиянды әдетті ерте кезеңде қалай тоқтатуға болатындығы туралы қарапайым және түсінікті тілде баяндалған.
«Есірткі – қазіргі заман кеселі», «Ужас наркомании», «Профилактика ВИЧ в школьных условиях», «Это мой выбор!» басылымдары АИТВ инфекциясының өзекті мәселелерін көрсетіп, аурудың ауыр зардаптары жайында баяндайды және АИТВ-тан қалай сақтануға болатындығын айтып береді.
Көрмені сканерлеу арқылы осы тақырыпқа арналған материалдармен танысуға болатын QR-кодтар толықтырады.
Көрмені тамашалауға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus