Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Жібек жолы – түрлі мәдениеттің тоғысар тұсы» 09.01.2024 | 2024 жыл Қытайдағы Қазақстан туризмі жылы болып жарияланды. Осы іс-шара аясында Абонементтер бөлімінде «Жібек жолы – түрлі мәдениеттің тоғысар тұсы» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Ұлы Жібек жолы – Шығыс пен Батысты байланыстырған және көптеген қайталанбас қалалардың, тарихи ескерткіштердің, мәдени әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің пайда болуына себеп болған керуен жолдарының жүйесі. Әлемге әйгілі бағыттың едәуір бөлігі Орта Азия мен Қазақстан аумағы арқылы өтті. Аты аңызға айналған Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн қалалары және басқалары халықаралық сауданың орталығы ғана емес, сонымен қатар ғылым мен мәдениеттің орталықтары болды. Көрмеде Ұлы Жібек жолының тамаша тарихына арналған кітаптармен және мұқият іріктелген мазмұны бай мерзімді басылымдармен танысуға болады: «Ұлы Жібек жолы» А. Мамраимов, «Қазақстанның ежелгі қалалары», «Отырар алқабы», «Великий Шелковый путь на территории Казахстана» К. Байпаков, «Алтын адамның мұрасы» М. Жылқыбаева, «Қытай тарихнамасындағы қазақ тарихы» Т. Қайыркен, «Золотые персики Самарканда» Э. Шефер, «По древним торговым путям» Р. Насыров. QR-кодтарды сканерлеу арқылы ежелгі дәуірде түрлі жұрттың басын Жыл бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз. #гидқазақстанға #гидпоказахстану | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|