Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қажетсіз соғыстың қасіреті»
10.01.2024
Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толуына орай Абонементтер бөлімінде «Қажетсіз соғыстың қасіреттері» атты көрме-жады рәсімделді.
Көрмеде өзінің халықаралық борышын соңына дейін атқарғандардың жауынгерлік жорығын суреттейтін кітаптар: Акимбеков С. «Афганский узел и проблемы безопасности Центральной Азии», Жантасов А. «Жартасты жастанған жасақ. Второй мусульманский», Ляховский А. «Тайны Афганской войны», Меримский В. «Загадки Афганской войны» басылымдары ұсынылған. Оқырмандар соғыстың куәгерлері болған авторлардың, шығармаларымен, сондай-ақ көркем шығармалармен таныса алады: Харченко А. «Афганистан в моей судьбе», Сұлтанәлиева Р. «Сезім сөнбейді», Алексеевич С. «Цинковые мальчики», Фролов И. «Вертолетчик».
Ауған соғысы ардагерлерінің мерзімді баспа беттеріндегі естеліктері де қызықты. Көрме сарбаздардың Ауғанстаннан жазған хаттарымен, интернационалист жауынгерлердің фотосуреттерімен толықтырылған.
Көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus