Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Әдеби-көркем журналдардағы Қазақстанның жас жазушылары»
11.01.2024
Әмбебап оқу залы назарларыңызға «Әдеби-көркем журналдардағы Қазақстанның жас жазушылары» көрме-танысуын ұсынады. Онда қазақстандық талантты жас жазушылар республикалық «Таң-Шолпан», «Жалын», «Үркер», «Мұқағали» әдеби журналдарының беттерінде өздерін және өздерінің шығармашылығын батыл көрсетіп келеді.
Олар әртүрлі жанрларда жазады және әдебиетті сапалы жаңа деңгейге көтеру үстінде.
Жас ақындар – Бақытбек Қадыр, Қанағат Әбілқайыр, Ақмарал Талпақова, Әділет Ахметұлы, Есболат Айдабосын өздерінің поэтикалық шығармаларында ана тілінің бейнелілігін, жазу техникасын, дүниетанымы мен лирикасын сақтай білген.
Әр оқырман осы бір алуан түрлі өлеңдердің ішінен өзіне жағатын, рухани ләззат алатын және көңілінен шығатын шумақтарды таба алады.
Көрмеге қойылған QR-кодтар жас жазушылар мен олардың шығармашылығы туралы толығырақ ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Жыл бойы жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus