Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ата-баба мұрасы – ұрпаққа аманат»
20.03.2024
20 наурызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Наурызнаманы мерекелеу аясында «Ата-баба мұрасы – ұрпаққа аманат» атты іс-шара өтті. Іс-шара барысында ұлттық мәдениет және дәстүр тақырыбында викторина өткізілді, сондай-ақ «арқан тарту», «асық ату» итеріспек және тоғызқұмалақ секілді ұлттық ойындар ұйымдастырылды.
Қолданбалы өнер туындысы болып табылатын киізден жасалған бұйымдарға ерекше назар аударылды. Іс-шара қонақтары киізден тамаша бұйымдар жасау техникасымен танысуға, сондай-ақ тәжірибелі шеберлердің басшылығымен осы істе өз күштерін сынап көруге мүмкіндік алды.
Іс-шара келушілерге қазақтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы көбірек біліп қана қоймай, өздерінің шеберлігі мен шығармашылық әлеуетін қолдана отырып бағдарламаға белсенді қатысуға жағдай жасады.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus