Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Туған жердің асыл тасы»
29.04.2024
29 сәуірде Абонементтер бөлімі Қостанай автомобиль көлігі колледжінде қазақтың атақты академигі, қоғам қайраткері Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған ақпараттық дерекнама өткізді.
Бөлімнің қызметкерлері Қ. Сәтбаевтың өмірі мен еңбек жолында орын алған қызықты деректер туралы айтып берді. Академик туралы әңгімені Ахмет Байтұрсынұлы атындағы @baitursynuly_university ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы Серікжан Сағындықұлы Исмаилов жалғастырды. Ол Қаныш Имантайұлының Қостанай облысының өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі туралы айтып берді.
Іс-шара соңында Қ. И. Сәтбаевтың Қазақстан жерінің жер қойнауын игеруге қосқан үлесі жайындағы «Тайны и судьбы великих казахов» фильмінен үзінді көрсетілді.
Қаныш Сәтбаев туралы замандастарының естеліктері мен оның бүгінгі күнге дейін құндылығын жоғалтпаған еңбектері қойылған кітап көрмесі үлкен қызығушылық тудырды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus