Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отбасы – үйіңнен басталатын әлем»
13.05.2024
Абонементтер бөлімінде халықаралық Отбасы күніне арналған «Отбасы – үйіңнен басталатын әлем» атты көрме-арнау дайындалды.
Көрмеде ұсынылған басылымдар отбасылық қарым-қатынастың барлық аспектілерін қамтиды. Бұл жерде ата-аналарға отбасында қолайлы жағдай жасауға көмектесетін Ф. Бизақованың «Отбасылық дағдарыс психологиясы», Ш. Мұқанның «Отбасы. Оқуға тиіс 10 кітап», Е. Караваеваның «Мені жоспарла!», В. Дубковскийдің «Махаббат жолдары», Ю. Азаровтың «Семейная педагогика», О. Торсуновтың «Законы счастливой семейной жизни», Л. Суркованың «Семья. Как здорово быть вместе», С. Давлатовтың «Тайна семейных отношений» секілді аса пайдалы кітаптар бар.
Белгілі қазақстандық және шетелдік жазушылардың көркем әдебиетін: М. Әуезовтің «Абай жолы», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», Е. Әкімқұловтың «Немере», З. Ахметованың «Шуақты күндер», Л. Толстойдың «Детство», А. Номадтың «По реке жизни», Р. Брэдберидің «Вино из одуванчиков» туындыларын бірге оқып, уақытты отбасы мүшелерімен бірге қызықты және пайдалы өткізу балалар мен ересектерді жақындастыра түседі. Бұл басылымдарда отбасылық құндылықтар тақырыбы жан-жақты ашылады.
2024 жылғы 13–30 мамыр аралығында жұмыс істейтін көрмеге қатысуға шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus