Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қаралы жылдардың қасіреті»
28.05.2024
28 мамырда Әмбебап оқу залы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «Қаралы жылдардың қасіреті» атты еске алу сағатын өткізді.
Іс-шараның басында қайтыс болғандарды еске алу үшін бір минут үнсіздік жарияланды.
Іс-шараға тарих ғылымдарының докторы, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ профессоры Лёгкий Дмитрий Максимович, Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының кандидаты, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ қауымдастырылған профессоры Исмаилов Серікжан Сағындықұлы, тарих ғылымдарының магистрі, А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ әлеуметтік-гуманитарлық факультеті деканының тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Жүсіпов Руслан Батырханұлы, педагогикалық еңбек ардагері, облыстық поляк этномәдени бірлестігінің мүшесі Крайчинская Валентина Станиславовна қатысты.
Кездесуге келген қонақтар тыңдаушыларға халықтардың Қазақстанға жер аударылуы туралы, жазықсыз сотталған мемлекет және саяси қайраткерлер туралы, ұжымдастыру кезеңіндегі ашаршылық туралы айтып берді.
Кездесу барысында сол бір қайғылы оқиғалар туралы бейнематериалдар көрсетілді.
Еске алу кешін көлемді кітап көрмесі толықтырды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus