Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Гүлдердің жұмбақ әлемі»
17.06.2024
Біз гүлдерді күнде және кез келген жерде көреміз, алайда олардың табиғаттың қаншалықты таңғажайып және мінсіз жаратылысы екендігі туралы ойланбаймыз. Халықаралық гүлдер күніне арналған «Гүлдердің жұмбақ әлемі» көрме-икебанасы табиғаттың осы кереметімен танысуды ұсынады.
«Полная энциклопедия комнатных растений» кітабының авторы Ю. Сергиенко мен «Цветы на вашей даче» кітабының авторы Н. Ипполитова өз кітаптарында бөлме және бақша гүлдеріне күтім жасаудың ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Емдік қасиеттері бар гүлдер де бар, олардан адамдар пайдалы қайнатынды жасауды үйренді. Бұл туралы келесі басылымдардан білуге болады: Қожабеков М. «Дәрілік өсімдіктер», Іскендіров Ә. «Қазақстанның дәрілік өсімдіктері», Даников Н. «Целебные комнатные растения», Неумывакин И. «Иван-чай».
Өсімдіктерден әдемі композицияларды қалай жасауға болады, гүлдер мен сәндік шөптерді қалай дұрыс таңдауға болады, гүл композицияларын қалай құрастыру керек? Бұл сұрақтарға көрмеде ұсынылған арнайы әдебиеттер: Хессайон Д. Г. «Все об аранжировке цветов», «Композиции бонсай» және т. б. жауап береді.
17–27 маусым аралығында жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus