Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сыйға тартылған кітаптар
18.06.2024
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институты «Л. Н.Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК» КММ-не белгілі экономист және қоғам қайраткері Оразалы Сәбденнің «Өркениеттің жаңа дәуірі», «Новая эпоха цивилизации» кітаптарын сыйға тартты.
Автор әлемдік және түркі өркениетінің эволюциясын зерттей отырып қоғамдық дамуды жаңғыртудың жаңа парадигмасын әзірлейді, онда қоғамдық жүйенің өзгеруіне, яғни «жаңа интегралды инновациялық қоғам» деген атпен 7-ші формацияның пайда болуына ерекше назар аударылады.
Авторлық идея – бір жағынан технологиядағы инновацияларды біріктіру және бірге дамыту, екінші жағынан өркениеттің ноосфера дәуіріндегі қоғамды үйлестіру. Болашақ тұжырымдамасы және жаңа қоғамдық құрылымды басқару жүйесі ұсынылады.
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің Экономика институтына ризашылығымызды білдіреміз және кітапхана қорынан лайықты орын алатын кітапты сыйға тартқаны үшін алғыс айтамыз.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
@institute_economics_kz
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus