Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Актерлермен кездесу
14.10.2024
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Алматы қаласы М. Әуезов атындағы Қазақ ұлттық театрының актерлері Тұтова Гүлшат Әбсаттарқызымен және жас актерлер Әділет Базарбайұлы, Қасым Демеумен шығармашылық кездесу өтті. Актерлер өз өмірлерінде орын алған қызықты сәттер туралы айтып беріп, театр сахнасында болып жататын қызықты оқиғалармен бөлісті.
Кездесуге кітапхана оқырмандары, біздің іс-шараларымыздың тұрақты келушілері және өнер сүйер қауым қатысты.
Іс-шара соңында театр әртістері кітапхана қызметкерлеріне кездесуді ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Кездесуден кейін барлық ниет білдірушілер естелік суретке түсіріп, актерлерден қолтаңба алды.
#гидқазақстанға #гидпоказахстану
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus