Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ақпараттар ағымы» 28.01.2025 | Құрметті оқырмандар! Ақпараттық-библиографиялық қамтамасыз ету бөлімі назарларыңызға «Ақпараттар ағымы» көрмесін ұсынады. Тақырыптық жедел ауыстырылатын сөрелер өзекті тақырыптармен, қызықты мерейтойлық оқиғалармен және аймақ тарихындағы ең маңызды күндер туралы ақпаратпен жаңартылады. Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы қазақтың екі жазушысы мен ақыны – Тәкен Әлімқұлов пен Жұмекен Нәжімеденовтің шығармашылығына арналды. 2025 жыл қазақ халқының жарқын өкілдерінің мерейтойлық күндеріне бай. Көрнекті жерлестеріміздің мерейтойлық күндерін жариялай отырып «Ақпараттар ағымы» көрмесінде тақырыптық жедел ауыстырылатын сөрелер: дін қайраткері Марал ишан Құрманұлының туғанына 245 жыл толуына арналған «Ислам дінінің ұлы насихатшысы»,Торғай уезіндегі 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының жетекшісі Әбдіғапар хан Жанбосынұлының туғанына 155 жыл толуына арналған «Қазақтың хас батыры», Тәтіқара ақынның туғанына 320 жыл толуына арналған «Жыр атасы – Тәтіғара жырау» рәсімделді. Көрмеде жылдың мерейгерлері туралы өмірбаяндық материалдар, сондай-ақ қазақ ұлттық мемлекеттілігінің тарихи тағдырын және белгілі тарихи қайраткерлердің өңірдің дамуына қосқан үлесін бейнелейтін әдебиеттер ұсынылған. Кітап көрмесі жыл бойы жұмыс істейді. Баршаңызды көрмемен танысуға шақырамыз. | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|