Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Көңіл құсы әсем ән»
05.12.2025
Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері Ыбырай Алтынсариннің Қостанай облыстық мемориалдық мұражайында өткен әдеби-музыкалық кеш аясында «Көңіл құсы әсем ән» атты безендірілмелі кітап көрмесін дайындады. Көрме талантты композитор Әбілахат Смағұлұлы Еспаевтың туғанына 100 жыл толуына арналды.
Келушілер музыка майталманының шығармашылық жолын көруге, ол өмір сүрген және өз туындыларын дүниеге әкелген музыкалық дәуірдің атмосферасын сезінуге тамаша мүмкіндік алды. Көрме қонақтарға халық әні мен кәсіби өнер арасындағы айырмашылық пен сабақтастықты керемет жеткізе білді, ол ежелден келе жатқан музыкалық дәстүрдің қалай елдің мәдени мұрасына айналатынын көрсетті.
QR-кодтар көрменің интерактивтілігін қамтамасыз етті. Олардың көмегімен қонақтар бір сәтте Еспаевтың әдемі де әуезді әндерін тыңдауға мүмкіндік алды. Осылайша көрме тек әңгіме ғана болып қоймай, толыққанды музыкалық саяхатқа айналды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus