Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жүректен шыққан жыр, шабытқа жол
07.12.2025
7 желтоқсан күні «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ-де «Жүректен шыққан жыр, шабытқа жол» атты поэзия кеші өтті. «Өрлеу жолы» жастар ұйымы ұйымдастырған бұл шара жас дарындарды қолдауға бағытталған маңызды іс-шара болды. Кітапхана жанынан жұмыс істейтін «Ақ қауырсын» әдеби клубының жас ақындары өз шығармаларын оқып, қатысушылар мен көрермендерді поэзияның сиқырлы әлеміне жетеледі. Кеш барысында әдебиетке байланысты викториналық ойындар ұйымдастырылып, жеңімпаздарға кішігірім сыйлықтар табыс етілді. Сонымен қатар домбырамен күй шертіліп, музыкалық импровизациялар кештің көңіл күйін көтерді. Іс-шара соңында поэзия кешіне қатысқан барлық жас дарындар ұйымдастырушылар тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus