Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ұлы халықтың ұлы Абайы» | 12.01.2026 | 12 қаңтардан бастап Әмбебап оқу залында қазіргі қазақ әдебиетінің негізін қалаушы, ойшыл, ақын және ағартушы ұлы Абай Құнанбаевтың өмірі мен көп қырлы шығармашылығына арналған «Ұлы халықтың ұлы Абайы» атты кітап көрмесі жұмыс істей бастады. Көрмеде келесідей материалдар: Абай шығармаларының толық жинақтары, поэтикалық шығармалар, «Қара сөздер» және философиялық трактаттар, ақынның өмірі, дүниетанымы мен шығармашылық жолы туралы зерттеулер мен монографиялар, Абайдың қазақ халқының мәдениетіне, әдебиеті мен руханиятына әсері туралы материалдар, ұлы ойшылдың мұрасын түсіндіруге арналған қазіргі заманғы авторлардың басылымдары ұсынылған. Көрме студенттер, оқытушылар, зерттеушілер, оқушылар үшін, сондай-ақ қазақстандық әдебиет пен ұлттық мәдениеттің барлық әуесқойлары үшін қызықты болады. Көрме жыл бойы жұмыс істейтін болады. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|