Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Қауіпсіз балалық: қатыгездікке қарсымыз» | 13.01.2026 | Балаларға қатыгездік көрсетудің алдын алу бойынша іс-шаралар шеңберінде «Қауіпсіз балалық: қатыгездікке қарсымыз» атты көрме-ақпарат дайындалды. Көрме келушілерді балалардың құқықтарын қорғаудың, зорлық-зомбылықтың алдын алудың және өскелең ұрпақ үшін қауіпсіз орта құрудың өзекті мәселелерімен таныстырады. Көрмеде балалардың құқықтары мен үлкендердің оларды сақтау бойынша жауапкершілігін көрсететін психология және педагогика басылымдары: «Психология детского развития», «Безопасность детей: советы родителям», «Защита прав ребёнка» ұсынылған. Көрмеден сондай-ақ нормативтік және құқықтық материалдармен: «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, Закон Республики Казахстан «О правах ребенка», «Правовой статус несовершеннолетних», «Права ребенка», «Конвенция о правах ребенка», Жетписбаева Б. «Ювенальное право» және т.б. танысуға болады. Көрме баланың қауіпсіздігі мен үйлесімді дамуын қалай қамтамасыз ету керектігін түсінуге көмектеседі, сонымен қатар ата-аналар, тәрбиешілер және балалармен жұмыс істейтіндер үшін білім мен пайдалы ақпарат көзі болып табылады. 13 қаңтардан бастап 2026 жылдың соңына дейін жұмыс істейтін көрмені көруге шақырамыз. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|