Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Заң мен тәртіп» | 30.01.2026 | Бүгін Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Заң мен тәртіп» бағдарламасы аясында қызметкерлер үшін құқықтық оқу өткізілді. Іс-шара барысында терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері, оның ішінде террористік қатерлердің алдын алу шаралары, төтенше жағдайларда қызметкерлердің іс-қимыл тәртібі және қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселелері егжей-тегжейлі қаралды. Осы тақырып бойынша қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Саламатов Дархан Қанжарұлы баяндама жасады. Сондай-ақ Қостанай қаласы прокуратурасының қылмыстық қудалау бөлімінің бастығы Жоламанов Дәмір Шапайұлы қылмыстық заңнаманың өзекті аспектілерін түсіндірді. «Дропперлік және қылмыстық жауапкершілік: нені білу керек» тақырыбындағы баяндама аясында дропперлік ұғымы, құқыққа қайшы қаржылық схемаларға қатысқаны үшін жауапкершілік және олардың алдын алу шаралары қамтылды. Өткізілген оқулар қызметкерлердің құқықтық сауаттылық деңгейін арттыруға, қауіпсіздік мәселелеріне жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға және мекемеде құқықтық тәртіпті нығайтуға бағытталған. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|