Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Тәуелсіз ел және жаһандық серіктестік» | 16.02.2026 | 16 ақпанда Әмбебап оқу залында Қазақстан Республикасының Біріккен Ұлттар Ұйымына кіруінің 35 жылдығына арналған «Тәуелсіз ел және жаһандық серіктестік» атты тақырыптық кітап-деректі көрме жұмыс істей бастады. Көрме Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуына және оның халықаралық қатынастар жүйесіндегі рөліне арналған. Ұсынылған материалдар еліміздің БҰҰ-мен ынтымақтастығының негізгі кезеңдерін, Қазақстанның бейбітшілікті, қауіпсіздікті, орнықты дамуды және халықаралық диалогты нығайтуға қосқан үлесін көрсетеді. Көрмеде келесідей басылымдар ұсынылған: БҰҰ-ның ресми құжаттары мен материалдары; Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты туралы кітаптар мен мақалалар; Қазақстанның халықаралық аренадағы бастамалары жайындағы материалдар; анықтамалық-талдамалық және тарихи материалдар. Көрме оқушыларға, студенттерге, оқытушыларға, зерттеушілерге, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстанның тарихына және оның жаһандық әріптестікке қатысуына қызығушылық танытқандардың барлығына қызықты болады. Көрме бір ай бойы жұмыс істейді. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|