Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «"Тағдыр" – ұлт тарихының көркем айнасы» | 23.02.2026 | Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтармен жұмыс бөлімінің қызметкерлері «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы аясында көрнекті қазақстандық жазушы Қабдеш Жұмаділовтың романына арналған «"Тағдыр" – ұлт тарихының көркем айнасы» атты әдеби кеш ұйымдастырды. Іс-шара барысында қатысушылар автордың өмірімен және шығармашылығымен танысты. Кездесу қонақтары А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ студенттері мен көру қабілеті бұзылған оқырмандар болды. Спикер ретінде сөз алған А. Байтұрсынұлы атындағы ҚӨУ филология және практикалық лингвистика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Төлегенова Шынар Исламбекқызы Қабдеш Жұмаділовтың шығармашылығы туралы барлығына түсінікті тілмен айтып берді және жазушының «Тағдыр» романына ерекше назар аударды. Ол шығармада халықтың тарихи тағдыры да, жеке тұлғаның рухани ізденістері де айқын көрінетінін атап өтті. Кеш аясында барлық қатысушылар көрмейтін және нашар көретін оқырмандарға бейімделген арнайы форматтағы басылымдар ұсынылған кітап көрмесімен танысты. Іс-шара қатысушылардың шынайы қызығушылығы мен жарқын эмоцияларын тудырды, әдеби ой-өрістің кеңеюіне және отандық мәдениетке деген қызығушылықтың нығаюына ықпал етті. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|