Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ғылым. Білім. Болашақ»
26.02.2026
26 ақпанда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Ғылым. Білім. Болашақ» атты ғылыми-ағартушылық кітап көрмесінің салтанатты ашылуы және тұсаукесері өтті. Ғылыми білімді насихаттауға бағытталған көрме Қазақстандағы ғылым мен білім беру жүйесін дамытудың негізгі кезеңдерін, сондай-ақ қазіргі Қазақстанның жоғары технологиялық және инновациялық мемлекет ретінде қалыптасуын көрсетеді. Көрменің тақырыптық бөлімдерінде отандық ғалымдардың үлесін, білім беру бастамаларының дамуы мен ғылыми-техникалық прогрестің болашағын көрсететін басылымдар ұсынылған.
Тұсаукесерге спикерлер ретінде «Озат» мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернатының директоры Райысов Рамазан Елеусізұлы, философия ғылымдарының кандидаты, «ЧелГУ» Қостанай филиалының профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қостанай облысы қоғамдық кеңесінің мүшесі Качеев Денис Анатольевич, М. Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің ғылыми-инновациялық даму және жасанды интеллект жөніндегі проректоры Үдербаева Нұргүл Қалиқызы шақырылды.
Іс-шара барысында қонақтар мен студенттер спикерлердің мазмұнды баяндамаларын тыңдап, ғылым мен білім беруді дамытудың өзекті мәселелерін талқылады, сондай-ақ ұсынылған басылымдармен танысты. Қатысушылар белсенді сұрақтар қойып, елдің болашақтағы ғылыми және технологиялық дамуы туралы өз пікірлерімен бөлісті.
«Ғылым. Білім. Болашақ» көрмесі білім беру ұйымдарының, ғылыми қоғамдастық өкілдері мен жастар арасындағы диалог үшін маңызды алаңға айналды, ол ғылыми жұмыс пен инновацияға деген қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus