Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Заң мен тәртіп» | 27.02.2026 | Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында ақпараттық қауіпсіздік пен құқықтық жауапкершіліктің өзекті мәселелеріне арналған кездесу өтті. «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында полиция департаментінің аға жедел уәкілі А. Кунеков «Интернеттегі алаяқтық» тақырыбында баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында қашықтан жасалатын алаяқтықтың ең көп таралған схемалары, соның ішінде әртүрлі ұйымдардың атынан қоңырау соғулар, дербес деректерді заңсыз алу, дропперлер деп аталатын қызмет, сондай-ақ құқыққа қарсы схемаларға қатысқаны үшін жауапкершілік қаралды. Іс-шараға қатысушыларға интернеттегі алаяқтықтың алдын алу және дербес деректерді қорғау бойынша практикалық ұсынымдар берілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысының 2025 жылғы 25 желтоқсандағы хаттамасын орындау мақсатында кітапхана заңгері Н. Төлеков «Бұқаралық ақпарат құралдарында жала жабу және жалған ақпарат үшін жауапкершілік» тақырыбында баяндама жасады. Өз сөзінде ол Қазақстан Республикасында бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде интернет-ресурстар арқылы көрінеу жалған ақпарат таратқаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік көзделгенін атап өтті. Таратылған ақпараттың (оның ішінде дербес деректерді қамтитын) сипатына, туындаған салдарға және құқық бұзушылықтың қайталануының болуына байланысты кінәлі адамдарға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айыппұлдар, түзеу жұмыстары, қамауға алу, бас бостандығын шектеу не бас бостандығынан айыру түріндегі жауапкершілік шаралары қолданылуы мүмкін. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|