Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жаңа Конституция: жастар көзқарасы»
11.03.2026
11 наурызда Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Жаңа Конституция: жастар көзқарасы» тақырыбында жастармен сұхбат-әңгіме өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын талқылауға және республикалық референдум өткізу мәселелеріне арналды.
Спикерлер ретінде А. Байтұрсынұлы атындағы Қостанай өңірлік университетінің профессоры, философия ғылымдарының кандидаты, Қазақстан халқы Ассамблеясы облыстық ақсақалдар кеңесінің төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Жақып Қалқаман Хасенұлы, философия ғылымдарының кандидаты, ЧелМУ Қостанай филиалының профессоры, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Қостанай облысы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Качеев Денис Анатольевич сөз сөйледі.
Сарапшылар мемлекеттің одан әрі дамуы үшін конституциялық реформалардың маңыздылығына егжей-тегжейлі тоқталып, белсенді азаматтық ұстаным мен жастардың республикалық референдумға қатысуының маңыздылығын атап өтті. Демократия қағидаттарына, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуға, сондай-ақ Конституцияның елдің негізгі заңы ретіндегі рөліне ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар көтерілген тақырыптың өзектілігін атап өтіп, Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси даму мәселелерін алдағы уақытта да талқылауға қызығушылық танытты.
Кездесу ашық әңгіме түрінде өтті, бұл қатысушыларға Конституция жобасының негізгі ережелері бойынша түсініктеме алып қана қоймай, өз пікірлерін білдіруге, өздерін қызықтырған сұрақтарын қоюға, сондай-ақ еліміздің қоғамдық-саяси процестеріндегі жастардың рөлін талқылауға мүмкіндік берді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus