Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы: ТМД елдері кітапханаларының әлеуметтік бастамалары» | 07.04.2026 | 7 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай ОӘҒК ТМД елдеріндегі Денсаулықты қорғау жылы аясында Дүниежүзілік денсаулық күніне орайластырылған «Кітап оқудың денсаулыққа пайдасы: ТМД елдері кітапханаларының әлеуметтік бастамалары» атты халықаралық онлайн вебинар өткізді. Іс-шараға Беларусь Республикасының, Ресей Федерациясының және Қазақстан Республикасының қалаларынан кітапхана саласының мамандары мен бейінді мәдениет және білім беру мекемелерінің өкілдері қатысты. Вебинар барысында әлеуметтік-мәдени, ағартушылық және инклюзивті жұмыс арқылы халықтың саламатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған кітапханалардың практикалық тәжірибесі ұсынылды. Қатысушылар жұмыстың заманауи форматтарын, волонтерлік бастамаларды, сондай-ақ халықтың психологиялық саулығы мен оқырмандардың түрлі санаттарын әлеуметтік-мәдени оңалту мәселелерін талқылады. Вебинар өткізу кәсіби байланыстарды нығайтуға және халықаралық кітапханалық ынтымақтастықты дамытуға ықпал етті. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|