Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Ұлы даланың дара ұстазы»
16.04.2026
16 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы Жайлаубай ата мешітінде қазақ ағартушысы, педагог және қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің туғанына 185 жыл толуына арналған «Ұлы даланың дара ұстазы» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.
Іс-шараның негізгі мақсаты Ыбырай Алтынсариннің өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, сондай-ақ жұртшылықты оның ағартушылық жұмысымен және қазақ қоғамының дамуына қосқан елеулі үлесімен таныстыру болды.
Көрмеде келушілердің назарына ағартушының еңбектері, ғылыми зерттеулер, тарихи материалдар, естеліктер және сирек басылымдар ұсынылды. Сонымен қатар оның педагогикалық қызметі және қазақ даласындағы білім беру жүйесінің қалыптасуындағы рөлі жан-жақты көрсетілді.
Іс-шара келушілердің үлкен қызығушылығын тудырып, олардың рухани баюына ықпал етті, сондай-ақ жастарды білімге, өзін-өзі дамытуға баули отырып ұлттық құндылықтарды насихаттаудың маңызды алаңына айналды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus