Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Дәуір куәгерлері: мәдени мұраға айналған сирек кітаптар» өткен кезеңге экскурсия-саяхаты (кітапхананың сирек кітаптары қорындағы бірегей басылымдармен танысу)
21.04.2026
Өлкетану әдебиеттері бөлімінің сирек кітаптар қорында Қазақстандағы Ұлттық кітап күні қарсаңында өткен экскурсия-саяхат маңызды оқиғалардың бірі болды. Бұл мереке кітап оқуды ұнататындарды және кітапты білімнің, мәдениеттің және рухани дамудың көзі ретінде бағалайтындарды біріктіреді.
Экскурсия қонақтары өткен ғасырлардан жеткен кітап мұрасын өз көздерімен көріп, бірегей жәдігерлерді тамашалады, олардың тарихи әрі мәдени құндылығы жайында терең мағлұмат алып, бұрын көпшілікке ұсынылмаған сирек үлгілерді зерделеу мүмкіндігіне ие болды.
Қонақтардың кітап мұрасына деген шынайы қызығушылығы көңілге қуаныш ұялатты, өйткені кітапхана тек білім қоймасы ғана емес, сонымен бірге өткенді, бүгінді және болашақты біріктіретін мәдениет жетекшісі екендігі белгілі. Сирек кітаптар коллекциясы кітапты білім көзі ретінде ғана емес, мәдени мұраның маңызды бөлігі ретінде де көрсетеді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus