Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Экскурсия»
23.04.2026
23 сәуірде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында Ұлттық кітап күнін атап өту аясында ҚР ІІМ Қостанай облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері үшін экскурсия өтті. Қонақтар кітапхананың жұмысымен танысты және кітаптың қазіргі кезеңдегі маңызын жаңаша бағалады.
Түрлі дәуірдің бірегей басылымдары қойылған сирек кітаптар мұражайы ерекше әсер қалдырды. Қатысушылар кітаптың жасалу тарихы туралы, олардың қалай безендірілетіні және ұлттық мұра болып табылатын кітаптардың қалай сақталатыны жайлы білді.
Экскурсия бай кітап қоры – классикалық әдебиеттерден бастап қазіргі кездің басылымдары, соның ішінде электрондық ресурстар қойылған оқу залында жалғасты.
Іс-шара кітап оқудың қашанда маңызды екенін еске салып, кітаптың білімнің, мәдениет пен адамның өзін-өзі дамытудың сенімді құралы болып қала беретінін атап өтті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus