Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – ұлт руханиятының шамшырағы» | 23.04.2026 | 23 сәуірде «Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ қазақтың ұлы ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына арналған «Ыбырай Алтынсарин мұрасы – ұлт руханиятының шамшырағы» атты ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырды. Іс-шара аясында ағартушының өмірі мен мұрасын танытатын «Ұлы даланың дара ұстазы» кітап көрмесіне шолу жасалып, ғалымдар мен зерттеушілердің баяндамалары тыңдалды. Онда Ыбырай еңбектерінің тарихи, әдеби және педагогикалық маңызы жан-жақты талқыланып, тың деректер мен тағылымды пікірлер ұсынылды. Сонымен қатар музей жәдігерлерінің құндылығы мен «Ыбырайтану» пәнінің маңызы сөз болды. Қатысушылар Ыбырай Алтынсарин кесенесіне зиярат етіп, Ыбырай Алтынсарин ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Конференция ұлы тұлға мұрасын дәріптеп, оның ағартушылық идеяларын насихаттауға бағытталған маңызды рухани-танымдық алаң болды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|