Келушілер арасында сауалнама жүргізу
| «Есірткі – апатқа апарар есік» | 09.06.2026 | 09 маусымда Қостанай жоғары педагогикалық колледжінде Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қатысуымен Халықаралық есірткі заттарын тұтыну және олардың заңсыз айналымына қарсы күрес күніне арналған «Есірткі – апатқа апарар есік» атты ақпарат сағаты өткізілді. Іс-шара барысында кітапхана қызметкерлері студенттерге өткінші ләззат алу үшін өз денсаулығы мен болашағына қауіп төндірудің қаншалықты қажеттігі туралы ойлануды ұсынды. Спикер, «Қостанай облыстық психикалық денсаулық орталығы» КМК-ның дәрігер-наркологы Шалқар Темірбек Күмісбекұлы есірткі заттарының адам ағзасына, психикалық жай-күйіне және әлеуметтік өміріне жойқын әсері туралы айтып беріп, саламатты өмір салтын саналы түрде таңдау мен жүргізудің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара есірткіге тәуелділіктің салдары, оның адам тағдырына әсері және жастар арасында жаман әдеттердің алдын алу қажеттілігі жайындағы ақпараттық бейнероликпен аяқталды. | | | | Кері қарай |
Комментарии ()
Авторизуйтесь на сайте для комментирования. |
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз
|