Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Отбасылық қарым-қатынас»
24.07.2026
24 шілде күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлері «Жанашыр бол» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Отбасылық қарым-қатынас: ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар, сондай-ақ туыстар арасындағы өзара қарым-қатынасты қалыптастыру» тақырыбындағы семинарға қатысты.
Семинар барысында қатысушылар интерактивті форматта үйлесімді отбасылық қарым-қатынасты қалыптастырудың негізгі қағидаларымен танысты. Теориялық материалдар ойын жаттығулары мен практикалық тапсырмалар арқылы ұсынылып, қатысушылардың ақпаратты жеңіл меңгеруіне және өмірлік түрлі жағдаяттарды бірлесіп талқылауына мүмкіндік берді. Сонымен қатар өзара түсіністік, тиімді қарым-қатынас орнату, отбасындағы рөлдерді дұрыс бөлу және отбасы мүшелері арасындағы сенімді нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Семинар ашық әрі достық ахуалда өтіп, қатысушылардың өзара пікір алмасуына ықпал етті. Іс-шара барысында отбасы құндылықтарын нығайтуға бағытталған пайдалы білім мен тәжірибелік ұсынымдар берілді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus