Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Сағыныштан жаралған ақын жүрек»
19.08.2026
17 тамыздан бастап Абонементтер бөлімі оқырмандарды көрнекті ақын, журналист, Қазақстанның халық жазушысы Марфуға Ғаликызы Айтхожаның 90 жылдығына арналған «Сағыныштан жаралған ақын жүрек» атты кітап көрмесіне шақырады.
Көрме келушілерді талантты автордың шығармашылық мұрасымен таныстырады. Оның шығармалары Отанға деген сүйіспеншілікке, ұлттық дәстүрлерді құрметтеуге және адамның тағдыры туралы терең ойларға толы.
Көрмеге «Таңдамалы», «Киік сезім» поэтикалық жинақтары, көп томдық шығармалар жинағы, сондай-ақ ақынның өмірі мен шығармашылық жолы туралы жарияланымдар қойылды. Көрмеден сондай-ақ оның қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына қосқан үлесін көрсететін материалдарды көруге болады: О. Сулейменов «Собрание сочинений. Т. 12. Статьи о литературе», «Независимый Казахстан: антология современной литературы».
Поэзия мен көркем сөзді сүйер барша қауымды ақынның бай рухани мұрасымен қауышуға, оның поэзия әлемінің әсемдігін тануға және қазіргі қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдерінің бірі саналатын ақын шығармашылығымен тереңірек танысуға шақырамыз.
17 тамыз бен 17 қыркүйек аралығында жұмыс істейтін көрмені тамашалауға шақырамыз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus