Қазақша | Русский
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақ журналистикасының қара нары»
24.09.2026
24 қыркүйек күні Л. Н. Толстой атындағы Қостанай облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында журналист, жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі Сәлім Меңдібаевтің 80 жылдығына арналған «Қазақ журналистикасының қара нары» атты еске алу кеші өтті.
Іс-шараға өңірдің зиялы қауым өкілдері, облыстық «Қостанай таңы» газетінің тілшілері, қаламгердің әріптестері, ақын-жазушылар, мәдениет саласының қызметкерлері, оқырмандар мен жастар қатысты. Іс-шара барысында қатысушыларға Сәлім Меңдібаевтің өмір жолы, шығармашылық мұрасы және оның қазақ журналистикасы мен әдебиетінің дамуына қосқан елеулі үлесі туралы жан-жақты ақпарат ұсынылды. Еске алу кеші жазушының есімін ұлықтауға, оның мол шығармашылық мұрасын насихаттауға және жас ұрпақ бойында оған деген құрмет сезімін қалыптастыруға бағытталған маңызды рухани-ағартушылық оқиға болды.
Кеш аясында Сәлім Меңдібаевтің әдеби және журналистік мұрасын насихаттауға арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге жазушының кітаптары, мерзімді басылымдарда жарияланған мақалалары, фотосуреттері мен ол туралы әдеби-зерттеу материалдары қойылып, оқырман назарына ұсынылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus