Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Кітапханаларды дамыту бөлімі

Л.Н.Толстой ат. Қостанай ОӘҒК кітапханаларды дамыту бөлімінің тарихы Қостанай облыстық кітапханасының қызметкер Мария Зиновьевна Короткихты әдіскер лауазымына тағайындау туралы шыққан 1939 ж. 01.10. № 15 бұйрығынан бастау алады. Кітапхана сол кездің өзінде-ақ облыс кітапханашыларына қолдарынан келгенше әдістемелік көмек көрсете бастады.

1950 жылдан бастап облыстық кітапхана жанынан бір жылдық оқушылық курсы ұйымдастырылды.

Алайда кітапханада мұндай жұмыспен айналысатын жеке бөлім болмағандықтан кәсіби әдістемелік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және дамыту жұмыстары бәсең жүргізілді.

1959 жылы әдістемелік бөлімі құрылды. Қостанай облысының Облыстық мәдениет басқармасының 1959 ж. 16 ақпанындағы № 20 бұйрығымен А.Ж.Мусафиров Л.Н.Толстой ат. облыстық кітапхананың әдістемелік бөлімінің бірінші меңгерушісі болып тағайындалды. Бөлім жұмысы кітапханаларға анықтамалық-библиографиялық қызмет көрсетуді, дінге қарсы, қорғаныс және қоғамдық-саяси әдебиеттерді таратуды ұйымдастыру жұмыстары бойынша іс жүзіндегі көмек көрсетуге бағытталды.

1962 жылы облыстық кітапхана бөлімдерінің жұмыстарын жақсарту мақсатында алғашқы Әдістемелік кеңес құрылды (1962 ж.01.01. № 3 бұйрық).

Жұмыс істеген уақыты ішінде бөлім ғылыми-әдістемелік бөлімнен кітапхана маркетингі (1998 ж.) болып қайта құрылды, ал 2005 ж. қазіргі атауына – Кітапханаларды дамыту бөліміне ие болды.

Түрлі кезеңде бөлім демеңгеруші болғандар: А.Ж. Мусафиров, В.А. Лапшин, Г.М. Павлинский, Р.Н. Приемская, Н.В. Пигарева, Л.А. Литвинова, Н.Б. Шорохова, Л.Ф. Гавергова, К. Омарова, Н.Д. Пархоменко, Е.Н. Багрянцева, С.А. Доронина, Г.С. Булатова. Қазір бөлімге Д.М.Шакарова жетекшілік етеді.

Қазіргі уақытта кітапханаларды дамыту бөлімі 405 мемлекеттік кітапханадан тұратын кітапханалар жүйесіне әдістемелік-ұйымдастырушылық жетекшілікті жүзеге асырады.

Бөлім мамандары кітапханалардың ұйымдастырушылық мәселелерін шешуге, олардың даму стратегияларын қамтамасыз етуге көбірек көңіл бөледі. Бөлім облыстың кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеруге ерекше көңіл бөледі.

Бөлімнің міндеттері:

  • Мемлекеттің кітапхана ісі саласындағы саясатын жүзеге асыруға қолдау көрсету;
  • Кітапхана ісі саласы бойынша әдістемелік жән ақпараттық қызметті жүзеге асыру;
  • Облыс кітапханашыларының кәсіби шеберліктерін көтеру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

Жұмыстың ұстанымы:

Ынтымақтастық және жариялық

Біз өңірдің барлық кітапханаларымен келісуге, бірлесе жұмыс істеуге қашанда дайынбыз.

Өзгерістер мен даму

Біз өз жұмысымыздың әдістері мен стильдерін жетілдіріп, инновацияларды енгізіп отырамыз.

Жұмыс бағыты:

  • ­ Кітапхана жүйесінің, сонымен қатар жекелеген кітапханалардың жағдайы мен дамуына талдау жасау;
  • ­ Кеңес беру, әдістемелік және іс жүзіндегі көмектер көрсету;
  • ­ Кітапхана жұмыстарындағы жаңалықтарды іздестіру, бағалау, дайындау және қолдану;
  • ­ Ғылыми-зерттеу жұмыстары;
  • ­ Кітапхана қызметкерлерінің біліктіліктерін көтеру, олардың кәсіби тұрғыдан өсе түсулерін қамтамасыз ету;
  • Әдістемелік құралдарды дайындау, шығару және тарату.

Біздің қызметіміз

Біз

  • ­ сіздің кітапханаңыздың әдістемелік менеджментін қалыптастыруға,
  • ­ оқырмандарға қызмет көрсетуді және кітапхана жүйелерін дамытуды ұйымдастыруға,
  • ­ кітапханалық жаңа технологияларды игеруге көмектесуге дайынбыз.

Біз сіздерді

  • ­ Қазақстанның, алыс және жақын шетелдер кітапханаларының инновациялық жұмыстарымен,
  • ­ кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудағы авторлық қызықты жобалармен,
  • ­ ақпараттық қорларды бірлесе пайдалануды ұйымдастырумен (ҚЭЖ, жиынтық электрондық каталогтар жасау және т.б.),
  • ­ кітапхана жұмысының құқықтық тәртібімен,
  • ­ әдістемелік жаңа әдебиеттермен таныстырамыз.

Біз

оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастырудан кітапханалық жаңа технологияларды үйретуге дейінгі кітапхана жұмысының түрлі мәселелері бойынша кеңес беру және іс жүзіндегі көмектер көрсетеміз.

Сіз

  • ­кітапхана ісінің теориясы мен тәжірибесінің өзекті мәселелері бойынша өткізілетін вебинарлар мен семинарларға,
  • ­«Виртуалды кеңістіктегі ақпарат мәдениеті», «Кітапхана сайтын жасау» және т.б. тақырыптар бойынша өткізілетін семинар-практикумдарға,
  • ­кітапхана жұмысының түрлі бағыты бойынша шығармашылық зертханаларға,
  • ­«Кітапханадағы әлеуметтік зерттеулер», «Электронды құралдар шығару технологиясы» және т.б. тақырыптар бойынша шеберлік сыныптарына қатыса аласыз.

Біз қалауыңыз бойынша сіздің жеке тәжірибеден өтуіңізді ұйымдастыра аламыз.

Барлығыңызды бірлесе жұмыс істеуге шақырамыз!

Егер Сіздің кітапханаңызды дамыту қажет болса және Сіз қосымша ақпарат алғыңыз келсе,

бізбен келесі телефон бойынша хабарласыңыз:

8 (7142) 504-011 (e-mail:metod2022@mail.kz )

Жан-жақты ақпаратты бізбен жүзбе-жүз кездескенде алуға болады.


Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus