Казакша | Русский | English
Понедельник - Пятница -  с 09:00 до 20:00.
В воскресенье с 09:00 до 17:00.
Суббота и последний рабочий день месяца выходной.
Опрос Посетителей

Кітапты көбірек оқы!

 

Біздің өлкемізде «Оқитын өлке» жобасы бастау алды. Оған Қостанай облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы мен Қостанай облысы әкімдігінің мәдениет басқармасы бастамашы болды. Аталған жоба Қазақстандағы саяси партиялардың облыстық филиалдары тарапынан да қолдау тапты. Олар өңір тұрғындарына «кітапты көбірек оқу» туралы үндеу тастады. Әрбір партия ұйымы жалпы оқу үшін кітаптарын ұсынып, оларды Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК тарту етті.

«Бұл мәселені мектеп қабырғасынан бастау керек. Бұл отбасынан, дүниеге келген сәттен бастап сіңірілуі керек. Яғни, мәдениетті балалық шақтан қалыптастыру керек. Тәрбие бала бесікте жатқан сәттен басталуы тиіс»,-деп санайды «Ақ жол» партиясының ҚОФ төрағасы Өмірбек Сәтмұхамбетов.

«Кітап оқуды балабақшадан, мектептен тәрбиелеу керек. Егер біз мұны өскелең ұрпақтың бойына сіңіре алсақ, онда біздің жастарымыз кітап оқитын, ойлай алатын, білімді, оқиғаны сараптай алатын, ортаны құрметтейтін, жақсылыққа ұмтылатын болып өседі»,-дейді ҚХКП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Алпысбай Әлімбаев.

  «Жастардың, әсіресе балалардың кітап оқығандарын, кітап оқуды ұнатқандарын қалаймын. Ал қандай кітап оқулары керек дейтін болсақ, әрине бірінші кезекте классикалық шығармаларды – орыс, қазақ, шетел классикаларын оқығандары дұрыс»,-дейді ҚСДП ҚОФ төрағасы Сергей Богатырев.

Қатардан қалма, достарым,
Шақырады достарың.
«Оқитын өлке» ойлайды
Бос жүрмеуін жастардың!

Кездесу орны – Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК

Буктрейлеры
Яндекс.Метрика
Free counters!
Нашли ошибку? Выделите ее и нажмите "CTRL+Enter"

Вверх

X

X
X
Система Orphus