«Компьютер әліппесі» жобасының төлқұжаты
Әмбебап оқу залы
|
Жобаның
атауы
|
«Компьютер әліппесі»
|
|
Жобаның
мақсаты
|
Кітапхана пайдаланушыларының компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру.
|
|
Жобаның
міндеттері
|
-
қатысушылардың компьютермен жұмыс істеудің
бастапқы дағдыларын қалыптастыру,
-
негізгі бағдарламалармен
және интернет-ресурстармен жұмыс істеуді
үйрету,
-
пайдаланушылардыңцифрлықортаға әлеуметтік және ақпараттық
бейімделуіне ықпал ету.
|
|
Жобаның
негізгі жұмысы
|
Жоба шеңберінде жеке және
топтық жұмыстардан тұратын тұрақты оқыту
сабақтары мен практикалық
курстар ұйымдастырылады. Қатысушылар дербес компьютермен
жұмыс істеу негіздерін
меңгереді, операциялық жүйені, мәтіндік
редакторларды және басқа
да қолданбалы бағдарламаларды пайдалануды, электрондық поштамен, интернет-браузерлермен
және онлайн сервистермен жұмыс істеуді үйренеді.
Ақпараттық қауіпсіздік мәселелеріне, Интернет желісінде
сенімді ақпаратты іздеуге
және кітапхананың цифрлық ресурстарын
пайдалануға ерекше назар
аударылады.
|
|
Өткізудің
жиілігі
|
Талап ету бойынша
|
|
Жобаның
қатысушылары
|
Егде жастағы пайдаланушылар
|
|
Жоба
жетекшісінің аты-жөні
|
Валиева
Любовь Петровна, әмбебап оқу залының ақпараттық-сервистік
қызмет көрсету және мерзімді басылымдар
секторының меңгерушісі
|