Казакша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әбілқайыров Ғалымбек

Ұстаз, ақын Әбілқайыров Ғалымбек 1942 ж. Қостанай обл. Жангелдин ауд. Торғай селосында туған.

1960 ж. Ы. Алтынсарин ат. Торғай қазақ орта мектебін ойдағыдай бітіріп, бұрынғы Н. К. Гоголь ат. (қазіргі Қорқыт Ата ат. ун-т) Қызылорда пед. ин-тына оқуға түсіп, оның филология (қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша) факультетін 1965 ж. бітірген.

Педагогикалық еңбек жолын Жангелдин ауданының С. М. Киров ат. (қазіргі Қ. Топаев ат.) орта мектептен бастаған.

1965 жылдан бері Қаратүбек және Албарбөгет орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істеген.

Ал 1971 жылдан бастап зейнетке шыққанша Торғайдағы Ы. Алтынсарин ат. орта мектепте үздіксіз мұғалім болып, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен сабақ берді.

Ғ. Әбілқайыров мұғалімдік қызметте абыройсыз болмаған. Бірнеше рет облыстық, аудандық грамоталарға ие болған. Еңбек кітапшаларына жазылған алғыстары да бар.

1981 ж. VI обл. пед. оқуға қатысып, жасаған методикалық баяндамасына бірінші орын беріліп, ол республикалық педагогикалық оқуға ұсынылған.

1992 ж. «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» деген белгімен марапатталған.

         «Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға» деп ұлы Абай атамыз айтқандай, өмірін ұлағатты жолға арнаған қадірменді ұстаз. Сонымен бірге, қалт еткенде қолына қалам алып, ой өрнектерін жыр кестесіне түсіре білетін ақынжанды адам. Өлеңдері республикалық, облыстық газеттерде жарияланып тұрды. 2005 жылы Алматыдағы «Жазушы» баспасынан «Көңілімнің шуағы» атты жыр жинағы жарыққа шықты. Бұл жинаққа ұстаз-ақынның жүрегін жарып шыққан өлең-жырлары мен жыр толғаулары  енген.

          «Торғайдың гимні» атанған «Туған жер – Торғайым» әнінің сөзін жазған ақын.  Ақын Торғай өлкесінде туып өскендіктен болар туған ел тақырыбындағы жырлардың үлкен бір тобы осы өңірдің мақтан етер жетістіктері мен айтулы азаматтарына арналған. Ақын өзі айтқандай, туған өлкесінің сәні мен салтанатын жырға, әнге қосқан.

         Автор жергілікті композиторлардың әндеріне мәтін де жазады, олар орындалып жүр. Мұны оның «Әліби - әнім», «Жүректі ән тербейді», «Топжарғаным» тәрізді әні бар өлеңдері айтып тұр.

Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Чумакова Зулпа (Зинаида)
1951 жылы Қостанай облысы, Семиозер ауданы, Құсмұрын стансасында туған. Орта мектептен кейін Қарағанды машина жасау зауытында токарь, краншы, 

Қарсақбай кентінде мұғалім болып істеген. «Земные звезды Жезказгана», «Осенняя рапсодия» деген атпен жеке жыр кітабы шыққан, таңдаулы өлеңдері «Сарыарқа саздары», «Творчество» ұжымдық жинақтарына енген. Шығармалары ресейлік «Вайнах сегодня», «Голоса земляков», «Ичкерия», қазақстандық «Нива», «Парасат», т.б. газет-журналдарда жарияланған. Жиырмадан астам теленовелла авторы. Өлеңдері қазақ, белорус, украин тілдеріне аударылған, бірсыпырасына сазгерлер ән шығарған.
ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Төлегенұлы Ерболат
1946 жылы 12 шілдеде қазіргі Қостанай (бұрынғы Торғай) облысының Жангелді ауданы, Шақшақ Жәнібек ауылында дүниеге келген. 1969 жылы Алматы ауыл шаруашылығы институтының агрономия факультетін бітірген. 1970 жылы Қазақтың егіншілік ғылыми-зерттеу институтының «Суармалы егіншілік бөлімінің» аспирантурасына түсіп, кандидаттық диссертация қорғайды. 1989 жылдан бизнеспен айналысады: Шақшақ Жәнібек-Тархан атындағы фирманың Бас директоры. Өлең жазумен мектеп партасынан шұғылданған. «Өнер мұраты» кітабы (С.Әбдікәрімовпен бірге) жарық көрген. Республикалық газет-журналдарда топтама өлеңдері жарияланып тұрады. Бірнеше сазгерлер әніне сөз жазған.

Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Айымбетов Мәди

1946 жылы 14 қарашада Қостанай облысы, Аманкелді ауданында туған. 1972 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

Республикалық газетжурналдар басылымдарында қызмет істеді.
1972–1977 жж. аралығында «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарды.
1977–1984 жж. «Пионер» (қазіргі «Ақ желкен») журналында, бұдан соң 1986 жылы «Қазақстан коммунисі» (қазіргі «Ақиқат») журналында қызмет істеді.
 1986–1993 жж. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінде, 1993 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.
Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппаратында Редакциялықбаспа бөлімінің меңгерушісі.

Жазушының «Тәтті мұң» атты алғашқы әңгімесі 1972 жылы «Жұлдыз» журналында жарық көрді. Содан бері жазушының оннан астам кітабы жарық көрді. «Бар болғаны он төрт жас», «Ғашық болу бақыты», «Құм киесі» т.б. повестері балаларға, ауыл өміріне арналған. Орыс тілінде «Плато голубых цветов», «Чаша печали», «На тверди земной» (2001) атты кітаптары шықты. Швед жазушысы Мария Грипенің «Эльвис Карлсон» повесін, В.Шукшин, А.Головко, А.Пацюс, тағы басқа жазушылардың шығармаларын аударған. Жекелеген шығармалары украин, белорус, түркімен, өзбек, қырғыз, ұйғыр, шешен тілдеріне аударылған.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған. ҚР Парламентінің 10 жылдығы, «ҚР Конституциясының 10 жылдығы» және «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен, ҚР Президентінің алғыс хатымен, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.
Шығармалары: Шілденің күні. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1976; Ертегіден келген бала. Повесть. А., «Жалын», 1978; Көгілдір соқпақ. Әңгімелер, повесть. А., «Жалын», 1980; Көлге шомылған ай. Повестер мен әңгімелер. «Жалын», 1984; Плато голубых цветов. А., «Жалын», 1985; Шыққа тұнған нұр. Повестер. А., «Жалын», 1989; Ол дәурен бір көрген түс. Повестер мен әңгімелер. А., «Жазушы» . 1995; «Чаша печали» А.,1977, «Жеті жарғы»; Тылсым. Повестер, «Елорда», 2001; Аспан асты, жер үсті. «Елорда», 2002; На тверди земной. Повести и рассказы. «Аударма», 2004; Құла түздегі үнсіздік. Повестер мен әңгімелер. «Жазушы», 2005; Нәзік жаңғырық. Таңдамалы повестер. «Қазақпарат», 2006; Құмөзек хикаялары. Повестер мен әңгімелер. «Раритет», 2007.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Ахметбеков Нұрқан

Қазіргі Қостанай облысы, Жанкелдин ауданындағы Тосын ауылында туған. Әке-шешеден ерте айрылып, жетімдік қасіретін шеккен болашақ ақын жалшылықта жүрсе де, тиіпқашып ауылдық молдадан хат таниды. Халықтың ауыз әдебиетімен танысу Нұрқан талантының көзін ашып, көңілін оятады. Ол он жасынан өз бетімен өлең, жыр айтуға машықтана бастайды.
Халық ақындарының Алматыда 1943–1946 жж. өткізілген айтыстарында ол Қазақстан жұртшылығына суырыпсалмалығымен танылды.
Біренеше поэмалардың авторы. «Есім сері», «Жасауыл қырғыны», «Амангелді», т.б. көлемді дастандар тудырған.
Шығармалары: Жасауыл қырғыны. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1951; Тосын толғау. Поэмалар. А., ҚМКӘБ, 1958; Аманкелді. Поэма. А., ҚМКӘБ, 1962.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Ахметчин Ғұмар

1941 жылы 8 қыркүйекте Ресейдің Златоуст қаласында туған.
1959 жылы Қостанай облысы Семиозер ауданындағы мектепті, 1968 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген.

1966 жылдың ақпан айынан бастап, ұзақ жылдар бойы облыстық «Қостанай таңы» (ол кезде «Коммунизм таңы») газетінде мәдениет және тұрмыс, хат бөлімдерінің меңгерушісі.
1984 жылдан редактордың орынбасары және Бас редактор болды.
1992 жылы облыс әкімінің баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды. Бұл қызметті 2000 жылдың наурыз айына дейін атқарды.
Қазір облыс әкімі аппаратының бас маманы әрі 2002 жылдан бері Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облысы филиалының директоры қызметін қоса атқарып жүр.
Республикалық «Ара» журналының Қостанай облысы бойынша штаттан тыс тілшісі.

«Жалын» баспасынан «Қолды болған қораз», «Көзілдіріктің кесірі», «Көзі сынық тебен», «Елорда» баспа сынан «Ұмытшақтық зобалаңы» сатиралық жинақтары жарық көрді.
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен, бірнеше медальмен, оның ішінде «Астана» және «Тәуелсіздікке–10 жыл» медальдарымен, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Павлодардың 60 жылдығы құрметіне өткізілген жыр мүшәй расының жүлдегері (ІІ орын), облыстық «Қазына» сыйлығының иегері.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Байтұрсынов Ахмет

1 қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Сарытүбек ауылында туған. Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, қазақ тіл білімінің атасы, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері.
1882–1884 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 жылы Торғайдағы екі кластық орысқазақ училищесін, 1895 жылы Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.

1895–1909 жж. Ақтөбе, Қостанай, Қарқаралы уездеріндегі мектептер мен орысқазақ училищелерінде мұғалімдік қызмет атқарады.
1909 жылы патша үкіметінің саясатына қарсы наразылық білдіргені үшін Семей түрмесіне жабылып, 1910 жылы жер аударылды.
1913 жылы Орынборда «Қазақ» газетін ұйымдастырып, 1917 жылдың аяғына дейін оның редакторы болды.
1919 жылы 24 маусымда Қазақ өлкесін басқаратын Әскери революциялық комитеттің мүшелігіне тағайындалады.
1922–1925 жж. Қазақстан Халық ағарту комиссариаты жанындағы ғылымиәдеби комиссияның төрағасы, Халық ағарту комиссары, Бүкілресейлік ОАКнің, ҚР ОАКнің мүшесі, Түркістан Компартиясы ОКнің органы «Ақ жол» газетінде қызметкер.

1925–1929 жж. Қазақ Халық ағарту институтында (Ташкент) және ҚазПИде оқытушы.
Шығармашылық жұмысын өлең жазудан бастаған. Ақынның алғашқы өлеңдері «Қырық мысал» деген атпен 1909 жылы Санкт Петербургте жарық көрді. Бұл кітабы арқылы қалың ұйқыда жатқан қараңғы елге жар салып, олардың ойсанасын оятуға бар жігерқайратын, білімін жұмсайды. Ақын Крылов мысалдары негізінде жазған әр туындысының соңына өзінің өзекті ойын, айтайын деген түйінді мәселесін халқымыздың сол кезеңдегі тұрмыстіршілігіне, мінезіне, психологиясына сәйкес қосып отырған.
Екінші кітабы – «Маса» (1911). Бұл кітапқа енген өлеңдерінде ақын қараңғылық, надандық, шаруаға енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерді шенейді. Көптеген өлеңдері сол кездегі ағартушылық бағытпен үндес болды. Ол Шоқан, Абай, Ыбырай қалыптастырған дәстүрлерді, гуманистік, демократиялық бағыттағы толғамды ойларды өзінше жалғастырушы ретінде көрінді. «Қазақ салты», «Қазақ қалпы», «Досыма хат», «Жиғантерген», «Тілекбатам», «Жауға түскен жан сөзі», «Бақ», т.б. өлеңдерінің мазмұны осыны танытады. Кітаптың ішкі сазы мен ойөрнек, сөз орамы қазақ поэзиясына өзіндік жаңалық, ерекше өзгеріс әкелді.
Халық ауыз әдебиетінің үлгілерін жинап, жарыққа шығаруда зор еңбек сіңірді. Әдебиет саласындағы алғашқы зерттеуі – «Қазақ» газетінің 1913 жылғы үш санында шыққан «Қазақтың бас ақыны» деген көлемді мақаласы.
Қазақтың эпостық жыры «Ер Сайынды», алғы сөз бен түсініктемелер жазып, 1923 жылы Мәскеуде шығарды. Қазақ ауыз әдебиетінде молынан сақталған жоқтау жырларын арнайы жүйелеп, сұрыптап, 1926 жылы «23 жоқтау» деген атпен жеке кітап етіп жариялады. Қазақ әдебиеттану ғылымы мен әдебиет тарихы жөніндегі тұңғыш көлемді еңбегі – «Әдебиет танытқыш» (1926). Мұнда көркемсөз өнерінің табиғаты, сыры, мазмұны, ерекшеліктері, жанрлары, жаңа терминдер, ұғымдар жайлы жанжақты зерттеулер, тұжырымдар сөз болады.
Ұлы ұстаз тілшіғалым ретінде қазақ тілінің табиғаты, өзгешеліктері, араб әліпбиінің жайы, терминдер, қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы мақалалар жазды. 1926 ж. Бакуде болған түркітанушылардың Бүкілодақтық 1съезіне қатысып, «Түркі тілдеріндегі терминология жайлы» деген тақырыпта баяндама жасады. Қазақ балаларының ана тілінде сауатын ашуына көп күш жұмсады. Осы мақсатта «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914); ересектердің сауатын ашуға арнап «Әліпби» (1924), «Жаңа әліпби» (1926) атты оқулықтар мен ғылыми еңбектер ұсынды. Қазақ фонетикасы мен грамматикасын талдауда тілдің типологиялық ерекшеліктері мен өзіндік даму барысын ескеру принципін ұстады. Сөйтіп, қазақ тіл білімін ХХ ғасырдың бас кезінде қалыптастырып, оның іргетасын қалады. Араб графикасына негізделген қазақ жазуының реформаторы болды.
Ол қалдырған бай мұраның тағы бір саласы – көркем аударма. Орыс классиктерінің шығармаларын қазақ тіліне аударып, көркем қазынаның бұл саласын байытуға мол үлес қосты. И.А.Крылов мысалдарының бір тобын қазақ тіліне аударып, төлтума туынды ретінде жинақ етіп бастырды. И.И.Хемницердің «Ат пен есек», А.С.Пушкиннің «Балықшы мен балық», «Алтын әтеш», «Ат», «Данышпан Аликтің ажалы» шығармаларын, орыстың белгілі лирик ақыны С.Я.Надсонның өлеңін қазақ тіліне аударған.
А.Байтұрсынұлы 1929 жылы сталиндік абақты, лагерь тепкісіне түсіп, 1936 жылы қайтып келгенмен, 1937 жылы тағы да жолсыз жазаға ұшырап, 1938 жылы атылды. Оның ардақты есімі мен асыл мұрасы 1989 жылы ғана ақталып, халқымен қайта қауышты. Сол жылы «Жалын», «Жазушы» баспаларынан кітаптары («Ақ жол», «Шығармалары») шықты. Оның атында көшелер, оқу орындары, ҚР ҰҒА Тіл білімі институты, әдеби мемориалдық мұражайүйлер бар, ескерткіштер орнатылған. Ұлт ұстазының туғанына 125 жыл толуы егемен елімізде кеңінен аталып өтті.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Баязид Жолбарыс

Қостанай обл. Меңдіқара ауд.  Лаба  ауылында  дүниеге  келген.
1951 ж. Талдықорған қаласында қазақ орта мектебін бітіріп, Алматы-дағы қазіргі Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университеттің журналистика факультетіне оқуға түседі.  Оқып жүріп  және оқуын аяқтағаннан кейін төрт жылдай «Жас алаш» (бұрынғы «Лениншіл жас») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, жауапты хатшының орынбасары болып  қызмет  атқарған.
1959-1966 жж. Қостанай облыстық газетінің үш ауданындағы меншікті тілшісі, Жанкелдин аудандық газеті редакторының орынбасары болып қызмет атқарған.
1966-1968 жж. Алматының екі жылдық жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, оны бітіргеннен кейін Қостанай облыстық газетінде бөлім меңгерушісі, он жылдан астам редакцияның жауапты  хатшысы  болған.
1982-1986 жылдарда облыстық мәдениет басқармасының халық шығармашылығы және мәдениағарту жұмыстарының әдістемелік орталығында аға ғылыми қызметкер бола жүріп, VІ-ХІ Қостанай облыстық, облысаралық және республикалық ақындық айтыстарды әзірлеу және өткізу жөніндегі ұйымдастыру комитетінде белсенді жұмыстар атқарды.
1982-1994 жылдарда Б. Майлин атындағы облыстық әдеби бірлестіктің қазақ поэзиясы секциясына жетекшілік етті.
1986 жылдан құрметті демалысқа шыққанға дейін сегіз жыл облыстық телерадиокомпанияда қазақ радиосының  бас  редакторы  қызметін  атқарған.
2000-шы жылы облыста өткізілген әдеби конкурста поэзия номинациясы бойынша жүлделі бірінші орынға ие болды.
2004 жылы облыстық меңенаттар клубының «Қазына» сыйлығы берілген.
2008 жылы «Астанаға - 10 жыл» медалімен марапатталған.
Қостанай қаласының және Меңдіқара ауданының құрметті азаматы.
2013 жылы «Құрметті қажы» алтын медалінің иегері.

Шынымен дүние жалғансың, Ақиқат емес, армансың! : Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, ақын Жолбарыс қажы Баязидтің 80 жылдық мерейтойына : биобиблиографиялық құрал / құрастырушы Ә. Қ. Сәлібаева; редактор Б. Б. Сейітова ; шығарылымға жауапты Г. Г. Қазина. - Қостанай, 2014. - 130 б.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Досанов Сәбит

Торғай обл. Амангелді ауд. Байғабыл ауылында туған. С.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін аяқтағаннан кейін ҚазКСР Мемлекеттік теледидар және радиохабарлар комите-тінде редактор, «Жазушы» баспасында проза бөлімінің редакторы болып қызмет атқарды.
Сәбит Досанов – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, М.Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты, бірнеше көркем шығармалардың авторы.
Ол С.Мұқановтан кейінгі қазақ әдебиеті тарихында барлық әдебиет жанрына қалам тартқан екінші жазушы болып табылады.
Жазушы қазақ мәдениетін шетелдерге жоғары дәрежеде көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар республиканың қоғамдық өміріне де белсене атсалысады.
Сәбит Досанов Дунду (Ангола) және Арқалық қалаларының, ШҚО Ақсуат ауданының және Қостанай облысы Амангелді ауданының құрметті азаматы, Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің құрметті профессоры.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Дулатұлы Міржақып

24 қарашада Қостанай облысы, Жанкелдин ауданы, Қызбел ауылында туған. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жасөспірімнің кейінгі тәрбие қамқорлығы Асқар дейтін оқыған ағасының мойнында болды. 1987 жылы Торғай қаласындағы екі сыныптық орысқазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады.

Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады.
1904 ж. Омбы қаласына аттанып, өзінің болашақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Оған еріп Қарқаралыға барады, ондағы ұлттық демократиялық қозғалысқа белсене араласады. Сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады да, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петербургке барады.
1907 жылы Петербургте жалғыз нөмірі ғана шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылады.

Тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады. Қазақ оқырмандары арасында бұл кітаптың әсері өте күшті болады. Бұл кітап жас авторға патша әкімдерінің тарапынан қуғынсүргін ала келді, ол тергеу органдарының бақылауына алынды, артынша «Оян, қазақ!» кәмпескеленді. Міржақып Қызылжарда сот кеңесінде тілмәштық қызмет атқарып, мұғалімдік қызметін де жалғастырады, қазақ балаларына орыс тілінен сабақ береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алады. 1910 жылы Қазандағы Каримовтар баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. Әр жерде шығатын қазақ басылымдарына, әсіресе Айқап» журналына үзбей жазып тұрады. Ел тұрмысын өз көзімен көріпбілу ниетімен 1911 жылы қазақ ауылдарын аралап, Қызылжардан Семей облысына қарай сапарға шығады. Патша тыңшыларының қатты аңдуына алынған Дулатұлы мұнда полицияның қолына түседі де, бір жарым жыл қамауда отырады. 1912 жылы Орынборға келіп, осындағы аз ғана топ қазақ зиялылары ақыл қосып, ел санасын оята беру мақсатымен, баспасөз қызметін қолға алуды ұйғарды. А.Байтұрсыновпен бірге қыр өлкесінің ағартушылық демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылым – «Қазақ» газетінің негізін қалайды (1913–1918). Алаш басшыларымен бірге жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауды көздеген ол аз уақыт «Ақ жол» газетінің редакциясында, одан кейін Семей облысының сот органдарында қызмет атқарған. 1922 жылы ешбір себепсіз абақтыға жабылады. Бірақ бұл әділетсіздік ұзаққа созылмай, Семейден Орынборға жөнелтілген бойда қамаудан босатылады. 1922–1926 жж. Орынбордағы Қазақтың халыққа білім беру институтында (КИНО) оқытушы болып істейді. Ұстаздық қызметке қайта оралғаннан кейінгі кезеңде екі бөлімнен тұратын «Есеп құралын» әзірлеп, Ташкент қаласында бастырып шығарады. «Балқия»атты төрт перделі пьеса жазды. 1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. 1928 жылдың аяғында бір топ қазақ оқығандары қатарында тұтқынға алынды. 1930 жылы ОГПУ коллегиясының үкімі бойынша алғашында ату жазасына кесіліп, кейін бұл үкім 10 жыл абақты жазасымен алмастырылды. 1935 жылы қазанның 5і күні Ақ теңіз – Балтық каналының бойындағы Сосновец стансасында, лагерьдің лазаретінде ауыр науқастан қайтыс болады. Дулатұлының «қылмысты» ісін жанжақты тексере келіп, Қазақ КСРнің прокуроры 1988 жылғы қазанның 27-сі күні тиісінше наразылық білдірді де, Республика Жоғарғы Сотының коллегиясы сол жылғы қарашаның төртінде оның ардақты есімін біржола ақтады.
XX ғасырдың бас кезіндегі қазақ мәдениеті мен әдебиетінің ірі өкілі Міржақып шығармалары халқымен қайта қауышты. Оның атында көшелер, мектептер, туған жерінде мұражай бар, ескерткіш орнатылған.
Шығармалары: Шығармалары. А., 1991; Оян, қазақ!. А., 1991; Шығармалары. 1–2 том. А., 1997.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Дүзенов Мұхамеджан

18 қазанда қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. 1942 жылы Амангелді орта мектебін бітірген.

1947 жылы Қостанай қаласына барып, облыстық газетке қызметке тұрған.
1952 жылы М.Горький атындағы Әдебиет институтын (Мәскеу) тамамдаған соң, Қазақ радиосында істеген.
Абай атындағы академиялық опера және балет театрының әдебиет бөлімін басқарған.
Қостанай облыстық газетінің меншікті тілшісі, мәдениет бөлімінің меңгерушісі болған.
1960 жылы Қазақстан Жазушылар одағының аппаратына ауысып, әдеби кеңесші болып істеген.
Қазақ радиосы комитетінде Бас редактор, Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуар редакция алқасында Бас редактор секілді жауапты қызметтерде болған.

Алғашқы өлеңдері мен әңгімелері 1949 жылдан баспа бетінде жарық көре бастаған. Бірнеше повесть, роман кітаптары, драмалық шығармалары дүниеге келді. Бір актілі пьесалар конкурсында «Аралдың алтын балығы» атты туындысы екінші бәйге алды (1967). Прозалық шығармалары бірнеше дүркін «Советский писатель» баспасынан шықты. Ол В.Васильевскаяның «Пламя на болотах» романын, С.Маршактың «Умные вещи» пьесасы, Л.Кассильдің «Ход белой королевы» туындысын қазақшаға аударған.
Шығармалары: Ақ әже. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Ұзақтың жолы. Повесть. А., «Жазушы», 1971; Әке болғым келеді. Роман. А., «Жазушы», 1971; Сын Тлектеса. Повесть. М., «Советский писатель», 1974 ; Ант. Роман. А., «Жазушы», 1975; Шығармаларының екі томдығы. І–ІІ том, А., «Жазушы», 1985.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Әбдіков Төлен

1942 жылы 4 қыркүйекте Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған. Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1965).

1965–1970 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі.
1970–1977 жж. «Жалын» алманахында бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары.
1977–1979 жж. «Қазақфильм» киностудиясында Бас редактор.
1979–1990 жж. Қазақстан КП ОКнде жауапты қызметте болған.
Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді.
1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте.

Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Грек аңыздары – «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған.
Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Әбіл Қонысбай

1954 жылы 21 мамырда Қостанай облысы, Жангелдин ауданында туған. 1977 жылы ҚазМУдің журналистика факультетін бітірген.

Біраз уақыт Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінде бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы.
1980–1985 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінің Торғай, Целиноград облыстары бойынша меншікті тілшісі.
1985 жылы облыстық «Торғай таңы» газеті редакторының орынбасары.
1990 жылы қалалық «Арқалық таңы» газетінің редакторы.
1991–1995 жж. Торғай облыстық телерадио компаниясының төрағасы болып істеді.
1999 жылы «Қазақстан айтыс ақындары мен жыршылар одағының» төрағасы болып сайланды.
Астана қаласы әкімі аппараты тіл саясаты бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарған.

Алғашқы өлеңдері мектеп қабырғасында жүргенде республикалық газетжурналдарда жарияланған. Қазақстанның халық ақындары Көкен Шәкеев, Әселхан Қалыбекова, т.б. суырыпсалма саңлақтармен сөз сайыстарына түскен. 1990 жылы Ташкент қаласында Балқы Базардың 150 жылдығы құрметіне өткізілген Орта Азия және Қазақстан ақындарының айтысында бас бәйгеге ие болып, осы жылғы республикалық ІІІ ақындар айтысында жеңімпаз атанды. Сондайақ С.Торайғыровтың, Б.Майлиннің 100 жылдығы құрметіне өткізілген республикалық айтыстарда, телевизиялық айтыстарда сан мәрте топ жарды.
Айтыс өнеріне сіңірген зор еңбегі үшін 1990 жылы «Қазақстанның халық ақыны» атағына ие болды. Арқалық қаласының Құрметті азаматы. «Астана» медалімен марапатталған.
Шығармалары: Бастау. Сықақ өлеңдер. А., «Жалын», 1980; Көршілер. Повесть пен әңгімелер. А., «Жалын», 1987; Алаңғасар. Әзілсықақ әңгімелер мен скетчтер. А., «Өнер», 1989; Қонысбайдың қалжыңдары. Әзіл, қалжың, қағытпалар. Астана, «Елорда», 2000.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Әбішев Дамир

Республикаға белгілі қаламы жүйрік журналист, талантты ақын, сатирик-жазушы Челябі обл.Бреда ауд. Бреда с. дүниеге келген.
1962 ж. Жамбыл обл. Луговой станциясында қазақ орта мектебін аяқтаған.
1969 ж. Қазақ мем. университетінің журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны 1974 ж. бітірген. Содан бері обл. «Қостанай таңы» газетінде еңбек етіп келеді.
Осы мерзім ішінде Д. Әбішевтің қаламынан мыңдаған мақала, хабар, очерктер дүниеге келді. Студент кезінен өлең, сатиралық әңгімелер жазып келеді. Туындылары респ. басылымдарда жиі жарық көреді.
1998 ж. «Дәмер-думан» атты әзіл-сықақ театрын құрды. Соның негізінде қазіргі «Тамаша» ойынсауық отауы құрылды.
Облыс журналистер ішінде алғаш рет мәртебелі облыс меценаттары клубының «Қазына» (2004) сыйлығына  ие болды. 
Дамир Әбішевтің көп жылғы қызметі облыс әкімінің құрмет грамоталарымен, БАҚ саласындағы сыйлығымен, М. Сералин, Б. Майлин ат. сый-лықтарымен, обл. мәдениет басқармасының, Іскер әйелдер қауымдастығының, Сарыкөл ауданы әкімінің сыйлықтарымен аталып өтті.
2009 ж. қаламгерге «Қазақстанның мәдениет қайраткері» құрметті атағы берілді. «Еңбек ардагері» және «ХШЖК КСРО» медальдарымен марапатталған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
Әлім Қайсар

1947 жылы 9 қаңтарда Қостанай облысы Жанкелдин ауданының Саға ауылында (қазіргі «Қызбел» шаруашылығы, Сарықопа өңірі) туған. 1971 жылы Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі институтының Алматы филиалын, 1984 жылы Алматы Жоғары партия мектебінің журналистика бөлімін тамамдады.

  • 1969 жылы Қостанай облыстық «Коммунизм таңы» газетіне жұмысқа шақырылды.
  •  1990–1997 жж. республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің Торғай облысындағы меншікті тілшісі болып істеді.
  • Облыс жабылған соң Ақмола қаласында облыстық «Арқа ажары» газетінде тілші.
  • 1998–2000 жж. ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде бас маман болды.
  •  Қазір республикалық «Егемен Қазақстан» газетінде қызмет істейді.
  • 16 кітаптың авторы. 2007 жылы 8 томдық шығармалар жинағы жарық көрген. Алаш ардақтысы М.Дулатовтың мәйітін 57 жылдан соң Карелиядан әкеліп, туған жері Торғайға қайта жерлеу экспедициялық сапарының (1992) басықасында болған Қайсардың қаламынан «Мұңды сапар» атты тағылымы мол хикаят туды. 1998 жылы Қазақстан Журналистер одағы М.Дулатов атындағы сыйлығының иегері атанды. Ел тәуелсіздігінің 10 жылдығы құрметіне Елбасының «Алғыс хатымен» (2001) марапатталды. «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, Торғай қаласының Құрметті азаматы (2004), «Астана қаласының еңбек сіңірген қайраткері» (2007).
    Шығармалары: Сейітхан Темірбаев. Очерк. А., «Жазушы», 1975; «Жамбыл» совхозы. Очерк. А., «Қайнар», 1977; Шабытты еңбек. Көсемсөз. А., «Қазақстан», 1978; Түлеген тыңның түлектері. Көсемсөз. А., «Қайнар», 1979; Чернобыль қаһарманы. Хикаят. А., «Жалын», 1989; Сұлтанбек пен Бәтима. Зерттеу. Арқалық баспаханасы, 1993; Мұңды сапар. Хикаятсапарнама. А., «Ана тілі», 1997; Мықшеге. Хикаят. А., «Ана тілі», 1998; Адам ізі. Хикаят. Ақмешіт баспаханасы, 2001; Міржақыптың оралуы. Возвращение из небытия. Хикаят (қазақ, орыс тілінде). Астана, «Фолиант», 2001; Сырбай мен Ғафу. Эссехикаят. Астана, «Фолиант», 2003; Жанығу. Эссе, новеллалар, әңгімелер. Астана, «Парасат әлемі», 2003; Махаббат жыршысы. Эпистолярлық хикаят. Астана, «Фолиант», 2005; Мәңгілік шер. Хикаят. Астана, «Фолиант», 2006; Сегіз томдық шығармалар жинағы. Астана, «Фолиант», 2007; Актер тағдыры. Хикаят, естеліктер. Астана, «Фолиант», 2008; Терең тамыр. Хикаят. Астана, «Фолиант», 2009.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Әлмұхамбетов Тәшібай

    Торғай өңіріндегі Бастау деген жерде туған. Балалық шағын Ұлытау, Қарсақпай, Жезқазған атырабында өткізеді. 1938 жылы Абай атындағы Мемлекеттік педагогика институтының қазақ тілі мен әдебиеті бөлімін бітіреді.
    Ұлытау, Қарсақпай, Жезқазған мектептерінде мұғалім болып істейді. 1942 жылы майданға аттанады. Дон өзені бойындағы қатты ұрыстардың бірінде ауыр жараланып, Қазан госпиталінде дүние салады. Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан ақын жазушылармен бірге, Тәшібай есімі де Қазақстан жазушыларының үйіндегі ескерткіш тақтада алтын әріптермен жазулы.
    ҚазПИде оқып жүрген кезінде оның «Туған жер» деген өлеңі «Қазақ әдебиеті» газетіне жарияланады. Сол жылдары жарық көрген ұжымдық жыр жинақтарына жыр топтамалары енеді. Ол бірнеше әдеби сын мақала, әңгіме, очерк, поэма, повестер де жазған.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Әлпейісова Камал

    1956 жылы 10 наурызда Қостанай облысы, Амангелді ауданының «Родник» совхозында туған. 1973 жылы Арқалық қаласындағы Ш.Уәлиханов атындағы №1 орта мектепті бітірген. 1978 жылы Қазақ Мемлекеттік университетінің филология факультетін тамамдаған.

    1979 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде корректор
    1981 жылы «Қазақстан әйелдері» журналында әдеби қызметкер.
    1990 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Әйелдер ісі, ана мен баланы қорғау комитетінде қызмет істеген.
    1994 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Аппаратының Редакциялық баспа бөлімінде консультант, ілеспе аударма секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары болып қызмет еткен.
    Қазір Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты Аппараты редакциялық баспа бөлімі меңгерушісінің орынбасары болып еңбек етуде.

    Республикалық газетжурналдарда әңгіме, өлең, аудармалары жарияланып тұрады. «Қыз өссе, ұл есейсе» (1998), «Н.Қайыпова» (2003), «Жапырақтары жанымның» (2006), «Мағыналас мақалмәтелдердің, қанатты сөздердің қазақшаорысша және орысшақазақша сөздігі» (2006) атты кітаптардың авторы. Белгілі фольклорист ғалым, филология ғылымдарының докторы О.Нұрмағамбетовтың артында қалған еңбектерін жинақтап, «Өмір өрнектері» (2003) атты кітап етіп шығарған. «Шаңырақ» энциклопедиясының материалдарын аударуға атсалысқан. Мұғамила Әуезованың «Әкем туралы» атты кітапшасын, М.Асаубаеваның өмірбаяндық хикаятын орыс тіліне аударған. Сондайақ орыс тіліне Махамбет өлеңдерінің жолмажол аудармасын жасаған. «Мәдени мұра» бағдарламасы бойынша шығарылған «Әлемдік саясаттану антологиясында» грек ойшылдары Демокриттің, Аристотельдің, Платонның, Сократтың, батыс ойшылдары Бенедикт Спинозаның, Джон Локктың, Паскаль Блездің жекелеген еңбектерін аударған (2005).


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Әсіпұлы Сапабек

    1925 жылы 21 қарашада қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауданындағы Қабырға ауылына қарасты Сарының Алакөлі деген жерде дүниеге келген.

    Еңбек жолын он екі жасында шығырға құлақшы болудан бастады.
    Ұлы Отан соғысына қатысқан.
    1944 жылғы қыркүйектен бастап 1972 жылғы маусымға дейін журналистік жұмыспен шұғылданды: Қостанай облыстық «Большевиктік жол» (қазіргі «Қостанай таңы») газетінің редакциясында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, Амангелді аудандық «Социалистік шаруа», Жангелдин аудандық «Социалистік ауыл» (кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь») газетінде жауапты хатшы, редактор болған.
    1965–1967 жж. Жангелдин аудандық партия комитетінің хатшысы қызметін атқарған.
    1972 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Қазақ Совет Энциклопедиясының Бас редакциясында аға ғылыми қызметкер, Бас редактордың бірінші орынбасары, редакция меңгерушісі болып істеген.

    «Қазақ қасіреті» (1994), «Қатерлі дерт, қалжыраған халық» (1998), «Танталовы муки степи» (2001) кітаптары бар.
    «Нұрхан Ахметбековтың поэтикалық әлемі» деген тақырыпта кандидаттық диссертация қорғады (1973). Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995).


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Жармағанбетов Қайнекей

    25 тамызда қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Шилі ауылында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінің тіләдебиет факультетін (1941), аспирантурасын (1949) бітірген.

    Қазақстан Компартиясы ОКнде нұсқаушы.
    Қазақстан ЛКЖО ОКнде хатшы (1941–1948).
    Абай атындағы АлМУде аға оқытушы, доцент, директордың орынбасары (1948–1958).
    «Әдебиет және искусство» (қазіргі «Жұлдыз»), «Ара» – «Шмель» журналының редакторы.
    Қазақстан Жазушылар одағында жауапты хатшы, әдеби кеңесші (1958–1964).
    1964 жылдан шығармашылық жұмыста болды.

    Алғашқы жинағы «Заман біздікі» деген атпен (1950) шықты. Өлеңдері мен балладалары «Адам туралы аңыз» (1951), «Мұғалима туралы баллада» (1957), «Балладалар» (1962), «Соңғы күн» (1967), «Сырлы тал»(1971), «Шыңдағы шамшырақ» (1976) атты жинақтарына енді. Әнші Ә. Қашаубаев жайлы «Әнші азамат» повесін (1951), А.М.Горький, С.Мұқанов, Ж.Жабаев, М.Әуезов, Б.Майлин шығармашылығы туралы монографиялық еңбектер жазды. Прозалық туындылары «Азамат жолы» деген атпен (1983) басылып шықты.
    И.Шиллер, А.Мицкевич, М.Лермонтов, А.Барто, т.б. өлеңдерін Б.Ершовтың «Тұлпартай, сұңқартай» ертегісін, И.С.Тургеневтің «Әкелер мен балалар» романын аударды.
    «Құрмет Белгісі» орденімен үш рет және медальдармен марапатталған.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Жұмабаев Ғаббас

    5 мамырда Қостанай облысындағы Меңдіғара ауданының Ақсуат ауылында туған. 1942 жылы Меңдіғара қазақ педагогикалық училищесін бітірген.

    1945–1947 жж. өз ауылында мұғалім болған.
    1947 жылдан бастап бірыңғай журналистік қызметке көшкен.
    1947–1955 жж. Қостанай облыстық газетінде әдеби қызметкер және жауапты хатшы болып қызмет істеген.
    1959 жылы Алматы жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін көп жылдар бойына «Қазақ әдебиеті» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болған.
    «Жұлдыз», «Мәдениет және тұрмыс» журналдарында бөлім меңгерушісі, «Ара» журналында фельетонист, Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы информация агенттігінде (ҚазТАГ) аудармашы болып қызмет атқарды.

    Он шақты жыр кітабы шыққан. Л.Толстойдың «Крейсер сонатасы» повесі мен он шақты әңгімесін, К.Хетагуровтың өлеңдер жинағын, Г.Х.Андерсеннің ертегілер кітабын, С.Вургуннің «Бакудастан» поэмасын, Н.Тихоновтың, С.Прокофьевтің және басқа орыс ақын жазушыларының шығармаларын аударған.
    Бірнеше медальмен марапатталған.
    Шығармалары: Нөсер. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1961; Мерей. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1963; Арманым. Өлеңдер, балладалар, поэмалар. А., «Жазушы», 1966; Жомарт күз. Өлеңдер, поэмалар, балладалар. А., «Жазушы», 1969; Исповедь. Стихи, баллады, поэмы. А., «Жазушы», 1972; Алтын толқын. Өлеңдер, балладалар, поэмалар жинағы. А., «Жазушы», 1978.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Земцов Святослав

    30 наурызда Қостанай облысының Демьяновка селосында туған.

    Мектеп бітірген соң дәнекерлеуші, жүргізуші, мастер болып жұмыс істеген.
    1979 жылы индустриалды педагогикалық техникумды бітірген.
    1985–1990 жылдары Талдықорғандағы І.Жансүгіров атындағы педагогикалық институтының филология факультетінде оқыған.
    Ауданаралық «Светлый путь» газетінің редакторы болып істеген.

    1992 жылы «Шелковый конь», 1993 жылы «Ожидание» өлеңдер жинағы жарық көрген.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Ілияс Байтұрсын

    Торғай облысының Торғай елді мекенінде дүниеге келген. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университеті филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.

    1963 жылы Қарағанды облысының «Орталық Қазақстан» газетінде еңбек жолын бастаған.
    Көп жылдар бойы «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Қостанай облысындағы арнаулы тілшісі болған.
    А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика кафедрасының доценті болған. «Тың түлектері», «Тоғыз перне» атты жыр кітаптары мен деректі прозалық кітаптары жарық көрген. Көптеген топтамалық жинақтарға өлеңдері мен очерктері енген. Шығармалары: Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1990; Алтын бесік – Қостанай. А. Байтұрсыновтың өмірін зерттеуге арналған еңбек. 1998.

    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Камалов Сағыр

     Қазіргі Қостанай облысында дүниеге келген. 1923 жылы Орынбордағы Қазақтың халық ағарту институтында дайындық бөліміне қабылданды. 1931 жылы ҚазПИ-дің әдебиет факультетін бітіріп шығады.

    1931–1937 жж. музыка мектебінің меңгерушісі.
    1938 жылы Қазақ академиялық драма театрының директоры болған. 1931 жылы Т.Жароковпен бірігіп «Қанды таяқ» пьесасын жазды. 1932 жылы «Қуат» атты әңгімелер жинағы жарық көрген.
           «Ер Тарғын» операсының либреттосының авторы. Музыкасын Е.Брусиловский жазған. Бұл опера Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры сахнасынан күні бүгінге дейін түспей келеді.

    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Кенжалин Жұмабек

    1954 жылы Қостанай облысы, Аманкелді ауданындағы Жданов атындағы колхозда туған. 1971 жылы Торғай облысы Арқалық ауданындағы Қайыңды орта мектебін бітірген соң, әскер қатарында қызмет етті, шаруашылықтарда жұмыс істеді. 1981 жылы Қазақ Мемлекеттік университетін тамамдаған соң, «Социалистік Қазақстан» («Егемен Қазақстан») газетінде тілші, бөлім меңгерушісі.
    1986–1988 жж. «Білім және еңбек» («Зерде») журналында жауапты хатшы, бас редактордың міндетін атқарушы болды.
    1990 жылдан «Халық кеңесі» газеті бас редакторының орынбасары, бірінші орынбасары.
    1994 жылдың қаңтарына дейін осы басылымның бас редакторы қызметін атқарды.
    1996–1997 жж. «Ақиқат» журналының бас редакторы.
    1997–1999 жж. «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы қызметін атқарды.
    1999–2006 жж. «Қазақ газеттері» жабық акционерлік қоғамының президенті.
    «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры, «Ана тілі» газетінің Бас редакторы.
    2006–2009 жж. «Ақиқат» журналының Бас редакторы.
    2009 жылдың ақпанынан «Қазақ газеттері» ЖШС-нің Бас директоры – редакторлар кеңесінің төрағасы.
    Шығармалары республикалық мерзімді басылым беттерінде жарияланып жүр.
    Қазақстан Үкіметі жанындағы Мемлекеттік терминологиялық комиссия мүшесі, ХVІІ шақырылған халық депутаттары Алматы қалалық Кеңесінің депутаты болып сайланды. 2004 жылы кандидаттық диссертация қорғап, саяси ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
    «Желкілдеп өскен құрақтай», (1988, «Өнер»), «Шындықты шырақ етіп ұстаңыз» (1998, «Қазақстан»), «Ұлт рухын ұлықтаған ұрпақпыз» (2005, «Өлке») деп аталатын деректі әңгімелер мен эсселер кітаптарының авторы.
    Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1984), Қазақстан Республикасы Президент сыйлығының лауреаты (2006), ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған (2004). Қазақстан Журналистер Академиясының толық мүшесі – академигі (2001).


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Кенжеахметұлы Сейіт

    1939 жылы 12 қаңтарда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Қызбел аймағындағы «Сарықопа» деген жерде туған. Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтында оқыған. Кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

    Еңбек жолын аудандық «Жаңа өмір» газетінің бөлім меңгерушілігінен бастаған.
    1966–1977 жж. Қостанай, Торғай облыстық газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы болып істеді.
    1977–1989 жж. Қазақстан Жазушылар одағының Торғай облысындағы кеңесшісі.
    1989–2002 жж. Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы әрі Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогика институтында доцент, кафедра меңгерушісі болып қызмет атқарды, қазақ әдебиеті тарихынан дәріс оқыды.
    1990–1995 жылдарда Торғай облыстық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы міндетін қоса атқарды.
    2003 жылдан Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті жанындағы «Отырар кітапханасы» Ғылыми-зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер болды.
    Қазір Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институт ректорының кеңесшісі әрі осындағы ғылыми-зерттеу орталығының аға ғылыми қызметкері. Әдебиетте алғашқы қадамын сатиралық өлеңдер мен мысалдар жазудан бастаған. Тұңғыш туындылары 1957 жылдан бастап «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), «Егемен Қазақстан», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Ара», «Мәдениет және тұрмыс» («Парасат»), «Қазақстан әйелдері» журналдарында жарияланды. Әзіл-сықақ әңгімелерімен бірге шағын интермедиялар жазды. Оның интермедиялары «Тамаша» ойын-сауық отауында 30 жыл бойы қойылып келеді. Этнографиялық-танымдық еңбектері үшін «Ана тілі» газетінің «Ана тілінің саңлағы» құрметті атағын алды (1992). «Жеті қазына» атты 4 кітаптан тұратын ұлт мәдениетіне арналған ғылыми еңбегі үшін Қостанай облысы меценаттарының «Қазына» атты сыйлығын алды (2002). «Қазақ халқының салт-дәстүрлері» (2004–2007), «Қазақтың дархан дастарханы» (2006–2007) атты көлемді энциклопедиялық еңбектері қазақ, орыс, ағылшын, қытай, түрік, әзербайжан, т.б. тілдерде басылып шықты. «Қазақ халқының тұрмысы мен мәдениеті» деп аталатын этнографиялық танымдық еңбегі 2006, 2007 жылдары Мәскеуде өткен әлемдік кітап баспаларының көрмесінде 2 рет үшінші дәрежелі диплом мен бағалы сыйлыққа ие болды. Соңғы аталған үш жинақ шетел баспаларында да басылып шықты және әлемнің 30-дан астам мемлекеттеріне тарады.
    Қазақтың мысал әңгімелері мен өлеңдерін құрастырып, 1981 жылы «Жалын» баспасынан бастырып шығарды. С.Олейник, С.Михалков, Ә.Несин, И.Крылов, т.б. ақын-жазушылардың шығармаларын аударған.
    Торғай және Арқалық қалаларының Құрметті азаматы (1989), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері (2002), Қаз ССР Халық ағарту ісінің үздік қызметкері (1991), ҚР Құрмет Грамотасымен марапатталған.
    Шығармалары: Кәрі шеңгел. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1967; Қуырдақ. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Киіз қазық. Сықақ өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Сөз семсер. Сықақ, мысал өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Ел құлағы елу. Сықақ, мысал өлеңдер. А., «Жазушы», 1980; Айтпады демеңіз. Сықақ әңгімелер. А., «Жалын», 1998; Тышқантірлік. Әзіл, сықақ әңгімелер. А., «Жазушы», 1983; Аттеріс. Сықақ өлеңдер. А., 1985; Мірдің оғы. Сықақ, мысал өлеңдер. А., «Жазушы», 1990; Қазақ халқының салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары. А., «Ана тілі», 1994; Жеті қазына. 1-кітап. 1997—2003; Жеті қазына. 2-кітап. 2002–2003; «Ұлттық әдетғұрыптың бізге беймәлім 220 түрі. А., «Санат», 1998; Күлкіден айырмасын. Таңдамалы әңгімелер. А., «Ана тілі», 1999; Казахские народные традиции и обряды. А., «Ана тілі», 2002–2003; Туыстық атаулар сыры. А., «Ана тілі», 2003; Қазақ халқының салт-дәстүрлері; (Ағылшын, қазақ, орыс тілдерінде). «Алматыкітап» баспасы. 2004, 2005, 2006, 2007; Қазақтың дархан дастарханы. (Қазақ, орыс, ағылшын тілінде). «Алматыкітап» баспасы. 2005–2006; «Қазақ тұрмысы мен мәдениеті». (Ағылшын, қазақ, орыс тілінде). «Алматыкітап» баспасы. 2006–2007; Шешендерден сөз қалған. «Үрімші Шыңжаң Халық баспасы». 2006; Мірдің оғындай. (Таңдамалы сықақ, өлеңдер) «Нұр-Астана» баспасы. 2008.

    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Көбеев Спандияр

    1 қазанда қазіргі Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат ауылында туған. Ы.Алтынсарин ұйымдастырған Қарағайлыкөл ауыл мектебінде (1892–1895), Қостанайдағы орысша-қазақша мектепте (1895–1897), педкурста (1898–1901) оқыған. Бүкіл өмірін ауыл мектебінде ұстаздық етуге арнайды. Оқу, тәрбие салаларындағы ісіне орыс әдебиеті шығармаларының тәлімдік жағын пайдаланды. Крыловтан аударған, т.б. мысалдары «Үлгілі тәржіма» деген атпен Қазанда басылды (1910). Бұдан кейін Ы.Алтынсарин үлгісімен қазақ мектептеріне арнап оқу кітабын құрастырды. «Үлгілі бала» деген атпен жарияланған (1912) бұл кітапты ол К.Ушинскийдің «Родное слово» оқулығының үлгісімен жазды. Оған өзі аударған Крылов мысалдарын, орыс педагог-жазушыларының шағын әңгіме-өлеңдерін, қазақ ауыз әдебиеті нұсқаларын, балалардың өмір тануына қажет әр алуан қызықты әңгімелер қосқан. «Қалың мал» романы (1913) – қазақ әдебиетіндегі прозалық шығармалардың алғашқы үлгілерінің бірі. Жазушы-педагог ұстаздық қызметін жалғастыра отырып, Түбек, Бурабай, Ақсуат мектептерін ұйымдастыруға белсене қатысты. Өз өмірі мен ұстаздық, жазушылық жолы оның «Орындалмаған арман» (1951, 1954) атты мемуарлық кітабында баяндалған.
    2 рет Ленин орденімен және медальдармен марапатталған.
    Шығармалары: Таңдамалы шығармалар. А., 1960.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Қайырбеков Ғафу

    Торғай (қазіргі Қостанай) облысындатуған. Ақын, халық жазушысы. Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық тұтыну одағы, мектеп, комсомол саласында еңбек етті. Абай ат. қазақ педагогика институтын (қазіргі Абай ат. ҚазҰПУ) бітірді.
    1952-1968 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік баспасының поэзия бөліміне жетекшілік жасап, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
    1968-1973 жылдар аралығында Қазақстан жазушылар одағының поэзия бөлімін басқарды.
    1973-1989 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналының редакторының орынбасары болды.
    «Жұлдызды тағдырлар» кітабы үшін ақын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
    «Халықтар достығы» орденімен және бірнеше медальдармен марапат-талған.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Құрманғали Қуанышбай

    1942 жылы 1 маусымда Қостанай облысының Әулиекөл (бұрынғы Семиозерное) ауылында туған. Орта мектепті Қоржынкөл ауылында 1959 жылы бітіріп, Қарғалы кооперативтік техникумында оқып, 1971 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тамамдаған.

    1976 жылы қазіргі «Жас Алашта» корректор, әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі және алқа мүшесі.
    1976–1978 және 1989–1992 жж. «Ақиқат» (бұрынғы «Қазақстан коммунисі») журналында аға әдеби қызметкер, жауапты хатшы және бас редактордың орынбасары.
    1978–1986 және 1990–1994 жж. «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, бас редактор болған.
    1986–1988 жж. Қазақ энциклопедиясының бас редакциясында бөлім меңгерушісі.
    1995–1996 жж. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бас маман және «Ел» баспасының бас редакторы қызметтерін атқарды. Одан кейін Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының вице президенті – Республикалық баспа кабинетінің директоры.
    «Ғылым» ғылыми баспа орталығының бас директоры болды.

    Тұңғыш өлеңдерінің тұсауы «Лениншіл жаста» (қазіргі «Жас алаш») 1960 жылы кесілді. «Арман аралы» («Жалын», 1981), «Қош, қалқатай» («Жалын», 1990), «Қоңыр күз күмбірі» («Санат», 2002) өлеңдер жинағы жарыққа шықты. Б.Шубиннің «Доктор Чехов» («Жалын», 1979), В.Севостьянов, Г.Анисилковтің «Жұмыр жердің перзенті» («Өнер», 1981), И.Стрелкованың «Шоқан» («Жалын», 1986), Ю.Балтушистің «Өмір өткелдері» романын («Жазушы», 1986) «Орыс халық ертегілері» («Жалын», 1990), Х.К.Андерсонның «Таңдамалы ертегілер» («Жалын», 1984) кітаптарын тәржімалаған.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Майлин Бейімбет

    Жазушы, драматург,қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері Таран ауд. қазіргі Майлин ат. кеңшарында туған.
    Алғашында ауыл молдасынан оқып, қара таныған зерделі де орнықты бала өзі талпынып, сол ауылдағы татар мұғалімінен  сабақ алады. Содан кейін 16-18 жастарында жақын жердегі Әбдірахман Арғынбаев деген кісінің медресесінде оқиды. Білімге құштар Бейімбет осымен тоқтап  қалмай, 1913-1914 жж. Троицкідегі “Уазифа” (“Міндет'') мектебін бітірген соң, 1914 ж. Уфа қ.«Медресе-Ғалияда» оқып білім алды.
    1934-1937 жж. "Қазақ әдебиеті" газ. ред. болады, өмірінің ақырына дейін 1934 ж. құрылған Қазақстан Жазушылар одағының басшылық құрамында болып, әдеби істі ұйымдастыру, жас таланттарды тәрбиелеу жұмысына аянбай атсалысады.
    Ерен талант, біртоға мінезді ерінбейтін еңбекқор жазушы 1937 ж. нақақтан қамауға алынып, 1938 ж. ақпанында, өзінің даңқты қаламдастары С. Сейфуллин, I. Жансүгіровтермен бірге тоталитарлық жүйенің құрбаны болды.
    Қазақстан Жазушылар одағының Б. Майлин ат. әдеби сыйлығы бар.
    1994 ж. Қостанай теміржол вокзал алдында Бейімбет Майлиннің ескерткіші ашылды. Облыстық «Қостанай таңы» газетінің ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған. Жазушының жүз жылдық мерейтойына орай туған ауылында ескерткіш орнатылған. 


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Малоземов Станислав

    1950 жылы 16 қазанда Қостанай облысының Затобольск қыстағында туған. Педагогика институтының шет тілдер факультетін 1972 жылы бітірген. «Ленинский путь», «Торгайская новь» газеттерінде, «Ара–Шмель» журналында жауапты қызметтер атқарған.
    «Роскошный автомобиль» повесі (1984, «Жазушы»), «Как делать погоду» сатиралық әңгімелер жинағы (1985, «Жалын»), «Не надо меня целовать» әзіл әңгімелер жинағы (1989, «Өнер») жарық көрген. Т.Иманбековтің «Үлкен үй» романын орысшаға аударған. «Знакомство по объявлению» ұжымдық жинағына әңгімелері енген.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Меңдібаев Сәлім

    1946 жылы 5 шілдеде Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Ақсуат кентінде туған. 1969 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

    1971 жылдан бастап Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеті редакциясында еңбек етті.
    1979 жылы Алматы жоғары партия мектебін сырттай оқып бітірді.
    1996 жылдан бері А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде ұстаздық етеді.
    1999 жылдан бастап «Қостанай таңы» газеті Бас редакторының бірінші орынбасары.

    «Жүрек лүпілі» (1998), «Еменнің айыр бұтағы» (2001), «Мөп-мөлдір дүние» (2003), «Ілияс Омаров» (2003), «Еркімбайдың Сұлтаны» (2009), «Терең тамыр» (2009) сияқты кітаптары жарық көрген. «Әскери ерлігі үшін», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін», «Еңбек ардагері», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 10 жыл» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. Қазақстанның Құрметті журналисі (2008), Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты (2005), Қостанай облысы әкімі сыйлығының, «Қазақ тілі» қоғамының «Ұлт жанды азамат» сыйлығының иегері.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Мәуленов Сырбай

    Торғай (қазіргі Қостанай) облысындатуған. Ақын, халық жазушысы. Ұлы Отан соғысы жылдарында аудандық тұтыну одағы, мектеп, комсомол саласында еңбек етті. Абай ат. қазақ педагогика институтын (қазіргі Абай ат. ҚазҰПУ) бітірді.
    1952-1968 жылдар аралығында Қазақ мемлекеттік баспасының поэзия бөліміне жетекшілік жасап, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторының орынбасары, «Жазушы» баспасында поэзия редакциясының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
    1968-1973 жылдар аралығында Қазақстан жазушылар одағының поэзия бөлімін басқарды.
    1973-1989 жылдар аралығында «Жұлдыз» журналының редакторының орынбасары болды.
    «Жұлдызды тағдырлар» кітабы үшін ақын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды.
    «Халықтар достығы» орденімен және бірнеше медальдармен марапатталған.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Молдағалиев Жайсаңбек

    14 сәуірде қазіргі Қостанай облысы, Урицкий ауданына қарасты «Жаңасу» ауылында туған. 1959 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша бітіріп шыққан.

    1959 жылы  «Қазақ әдебиетіне» қызметке орналасқан. 1964 жылға дейін осы газеттің республика бойынша арнаулы тілшісі.
    1964–1965 жж. «Жұлдыз» журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі.
    1965–1968 жж. «Жазушы» баспасында, Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор.
    1968–1973 жж. Қазақстан Жазушылар одағында әдеби кеңесші болған. Филология ғылымдарының кандидаты.
    Көп жылдар бойы Қазақ КСР Ғылым академиясының М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болған.

    Алғашқы очерк-әңгімелері республика баспасөзі бетінде 1955 жылдары жариялана бастаған. «Жүрек қазынасы» (1962), «Жаз ерке» (1965), Самал» (1974), «Алғашқы қоңырау» повестерінің және «Айналайын» (1972), «Құс жолы» (1975) әңгімелер жинақтары мен «Торғай толғауы» (1966–1979) трилогиясының, «Таза бұлақ» (1984), «Адамға көп керек пе?» романдарының авторы. Бұлардың бірқатары орыс тілінде жарық көрген.
    Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. А.А.Фадеев атындағы алтын медальмен марапатталған (1984).


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Мұқатов Нағашыбай

    1949 жылы 15 наурызда Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай селосында туған. 1970 жылы қазіргі Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дің журналистика факультетін бітірген.

    Жангелдин аудандық газетінде әдеби қызметкер.
    Торғай, Қостанай облыстық радиоларында редактор.
    Қазақ радиосының Торғай облысындағы меншікті тілшісі.
    Қостанай теледидарының бас редакторы қызметтерін атқарған.
    «Қазақстан-Қостанай» теледидар компаниясында «Шаңырақ» шығармашылық бірлестігін басқарған.
    Қазір Қостанай облыстық Ы.Алтынсарин мемориалдық мұражайының директоры болып қызмет істейді.
    А.Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік университетінің журналистика бөлімінде шәкірттерге дәріс береді.

    Өлеңді мектеп қабырғасында жазған. Аудандық, облыстық ақындар айтыстарына қатысып, бірнеше мәрте жеңімпаз болған. 1972 жылы Шымкент қаласында өткізілген тұңғыш жас ақындар фестиваліне қатысқан.
    Қазақ радиосы ұйымдастырған «Қазақстаным – қара шаңырағым» атты тұңғыш республикалық радио фестивалінің бас жүлдегері. Әр жылдары жарық көрген «Сөйле, жүрек», «Айналайын адамдар», «Ақбұлақ», «Жанымның жасыл жапырақтары», «Бейсенбай биік бәйтерек», «Қанат және Қаламқас», «Күлкім келеді», «Қазыналы Қайнекей» кітаптарының авторы. Филология ғылымдарының кандидаты.
    «Кеңес одағы теледидары мен радиосы қызметінің үздігі» белгісімен, «Астанаға 10 жыл» медалімен, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған. Қостанай облыстық меценаттар клубы тағайындаған «Қазына» сыйлығының екі мәрте иегері.

    Сөзімді, сезімді гүлмен өрдім..: (Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, белгілі ақын, мәдениет қайраткері Нағашыбай Мұқатовтың 65 жылдық мерейтойына) : библиографиялық әдебиет көркеткіші / құраст.: Б. М. Әлкебаева, Ә. Қ. Сәлібаева ; ред.: Б. Б. Сейітова ; шығарылымға жауапты: Г. Ғ. Қазина. - Қостанай, 2014. - 36 б.



    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Мұсабаев Хамитбек

    1953 жылы 7 қазанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданының орталығы Аманкелді селосында туған. 1970 жылы орта мектепті аяқтаған.

    Аманкелді ауданындағы «Қарасу» совхозында еңбек жолын бастаған.
    1979 жылы Қазақ университетінің журналистика факультетін тамамдаған.
    1972 жылы аудандық газет редакциясында тілші, еңбекші хаттары бөлімінің меңгерушісі, редакцияның жауапты хатшысы, редактордың бірінші орынбасары болып қызмет істеген.
    Қазір осы газеттің Бас редакторы болып қызмет атқарады.
    2002 жылдан бері Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газетінің Аманкелді ауданы бойынша меншікті тілшісі.
    1978 жылдан бастап бірнеше рет селолық, аудандық кеңестердің депутаты, Қостанай облысы мәслихаттарының депутаты болған.

    1983 жылы жас ақын-жазушылар мен өнер иелерінің республикалық «Жігер» фестивалінің лауреаты атанып, 2003 жылы Қостанай облысы әкімінің сыйлығын алған. 2006 жылы Қостанай облысы меценаттары клубының тәуелсіз «Қазына» сыйлығын алған, 2006 жылғы республикалық «Елім менің» фестивальінің лауреаты.
    Ақынның өлеңдері мен поэмалары 1973 жылдан бастап аудандық, облыстық және республикалық баспасөз беттерінде жарияланып тұрады. «Торғай топырағы» (1991), «Ақжол» (1992), «Ахаң-Жахаң ізімен» (1993), «Алашорда арманы» (1995), «Таразы» (2003), «Наркескен» (2006) атты жыр жинақтары жарық көрген.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Мұхамеджанов Шәміл

    Бұрынғы Торғай облысының Жангелдин ауданындағы Торғай ауылында туған. 1956 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология факультетін бітірген. «Жұлдыз» журналында, көп жыл бойы «Жазушы» баспасында қызмет істеген. Алғашқы топтама өлеңі жас ақындардың «Жас қанат» жинағында 1959 жылы басылды. Бұдан кейінгі жылдары ақын қаламынан оннан астам өлең-дастан жинақтары, балаларға арналған кітапшалары дүниеге келді.
    Аударма саласында М.Лермонтовтың, Я.Райнестің, Л.Украинканың, Т.Шевченконың, Р.Ғамзатовтың, Я.Смеляковтің, т.б. шығармаларын тәржімалауға қатысты.
    Шығармалары: Ана құшағы. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1960; Қашалақ. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1962; Ақ жалын. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1964; Туысқан. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1966; Көңілашар. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1968; Күн төбеде тұрғанда. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Назқоңыр. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1973; Арқа сүйер – тірегім. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1976; Ақ желең. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1978; Дәуір даусы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Жас қанат. Поэмалар. А., «Жазушы», 1980; Шабытты шақ. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жазушы»,1981.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Мырзабеков Кеңшілік

    6 шілдеде қазіргі Қостанай облысы, Жангелдин ауданының Ақшығанақ ауылында туған. ҚазМУ-дің журналистика факультетін бітірген.

    Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», Алматы облыстық «Жетісу», республикалық «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінде, «Парасат» журналында қызмет істеген.

    Алғашқы өлеңдер жинағы 1972 жылы жарық көрген. Өлеңдері орыс тіліне аударылып, «Юность» журналында, «Поэзия» альманахында жарияланды.
    1987 жылы жарық көрген «Балалық шақ» балладалар жинағы үшін І.Жансүгіров атындағы Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығын алды.
    Шығармалары: Іңкәр дүние. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1972; Дүбірлі дәурен. Өлеңдер мен балладалар. А., «Жазушы», 1978; Революция перзенттері. А., Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1980; Сәруар. Өлеңдер мен балладалар. «Жалын», 1981; Замандасқа сыр. Өлеңдер. А.,»Жазушы», 1982; Тың туралы толғау. Очерктер мен эсселер. А., «Қайнар», 1982; Ауыл мен астана. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Қасиетті қас-қағым. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Балалық шақ балладалары. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Дәуір дастан. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1988; Е.Евтушенко. Бейбітшілік дастандары. Аударма. А., «Жалын», 1989; Іңкәр дүние. Таңдамалы. А., «Жазушы», 1990; Бір мысқал. Өлеңдер. А., «Жалын», 1996; Жолға салдым көшімді. Таңдамалы. Астана. «Елорда», 2002 ; Менің мұңым – махаббат. Өлеңдер. А., «Атамұра», 2003.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Нұрманов Ақан

    Алматы облысының Ақсу ауданында туған. Аманкелді ауданы орталығында орта мектепті бітіреді.
    1951–1952 жж. Қазақ таукен институтында оқыды. Ал 1957 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөлімін бітірген.

    1957–1964 жж. Қостанай облысы, Аманкелді аудандық «Социалистік шаруа», Қостанай облыстық «Коммунизм таңы», республикалық «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде қызмет істеген.
    1964–1968 жж. «Жұлдыз» журналы редакциясының бөлім меңгерушісі болып қызмет атқарды. Шығармалары: Арайлы таң. Повестер. А., «Жазушы», 1964; Аққу жұлдызы. Повестер. А., «Жазушы», 1965; Құланның ажалы. Роман, повестер және әңгімелер. А., «Жазушы», 1969, 1976 және 1977 (орыс тілінде), 1985.

    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Нұрмұхамедов Дінәш

    21 наурызда Торғай облысының (қазіргі Қостанай) Аманкелді ауданына қарасты Қаралық ауылында дүниеге келген.
    Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін 1972 жылы бітірген.

    3-курста оқып жүргенде, Қазақ радиосына қызметке орналасады. Содан редактор, аға редактор, бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары.
    Қазақ теледидарында Бас редактор қызметтерін атқарды.
    «Азат» газетінде тілші болып қызмет істеген.

    Алғашқы әңгімелері мен повестер жинағы 1982 жылы «Ең бақытты күн» деген атпен жарық көрді. Одан соң «Жаңа жылға қараған түн», «Өмір», «Он бес пен он алтының арасында», «Таңертеңнен кешке дейін», «Жарық күн» повестер жинағы оқырмандар қолына тиді. «Алтын арна», «Әкеден қалған аманат», «Саусақтан төгілген сәуле» атты деректі хикаялар жинақтары бар.
    Кабардин жазушысы Ә. Кешоковтың «Сынған таға» эпопеясының алғашқы кітабын, поляк, украин және басқа халықтар қаламгерлерінің әңгімелерін қазақшаға аударды. А.Байтұрсынұлы өмірінен «Сен ертең атыласың!» атты пьеса жазды. «Мейлі, өзендер шулай берсін», «Соңғы аялдама», «Деректірдің шопыры», «Адамның кейбір кездері», т.б. драмалық шығармалардың авторы. Сондай-ақ «Сәукеле киген сайқал», «Сандық» хикаяттары республикалық әдеби журналдарда жарияланды, жекелеген әңгімелері өзбек, қарақалпақ, орыс тілдеріне аударылды.
    Радиожурналист ретінде жүздеген хабарлары Қазақ радиосының «Алтын қорында» сақтаулы.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Омаров Ілияс

    1 қазанда Қостанай облысының Урицкий ауданында дүниеге келді. 1933 жылы Ташкенттегі Орта Азия жоспарлау-экономика институтын бітірді.

    1933–1936 жж. Қызылорда сауда техникумының директоры болып қызмет істейді.
    1936–1941 жылдары КСРО Жеңіл өнеркәсіп Халық комиссариатының Қазақстандағы былғары аяқкиім өнеркәсібі бас басқармасы кеңсесінің меңгерушісі, Қазақ КСР Халық комиссариатының сауда жөніндегі бас басқармасы бастығының орынбасары, Қазақстан мемлекеттік бақылау халық комиссариатының аға бақылаушысы міндеттерін атқарады.
    1941–1945 жж. Қазақ КСР Халық Комиссарының орынбасары, Қазақ КСР Сауда Халық Комиссары болып істейді.
    1945–1947 жж. Қазақ КСР Халық Комиссарлары Кеңесі төрағасының орынбасары, Шығыс Қазақстан облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы.
    1947–1952 жж. Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің хатшысы міндеттерін атқарады.
    1952–1955 жж. КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы.
    1955–1961 жж. Солтүстік Қазақстан облыстық партия комитетінің хатшысы, «Қазақфильм» киностудиясының директоры, Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің кеңесшісі.
    1961–1967 жж. Қазақ КСР Министрлер Кеңесі Мемлекеттік Жоспарлау Комитетінің төрағасы.

    Қазақ әдебиеті мен көркем өнерінің тарихы, жай-күйі жөніндегі көптеген публицистикалық, әдебисын еңбектерінің авторы. «Қазақ КСР тарихының» толықтырылған екінші басылымының (1949) жалпы редакциясын басқарды.
    Ленин орденімен, үш рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
    Шығармалары: Әдебиет туралы ойлар. Сын мақалалар. А., «Жазушы», 1967; Серпін. Сын мақалалар. А., «Жазушы», 1970; Шабыт шалқары. Сын мақалалар. А., «Жазушы», 1973.

    «Отанын сүйген ұл» Мем. және қоғам қайраткері, жазушы І. Омаровтың 100 жылдығына арналады (библиографиялық әдебиет көрсеткіші)- Қостанай, 2012.- 44б 



    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Оразов Нұрғожа

    1932 жылы 20 қазанда Қостанай облысы Урицкий ауданындағы «Маяк» кеңшарында туған. 1947 жылы туған ауылындағы жетіжылдық мектепті бітіріп, Гурьев (Атырау) педучилищесін 1950 жылы тамамдаған.

    Мұнайлы жетіжылдық мектебінде бір жыл мұғалім болған.
    1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне түскен. Алғашқы топтамасы «Жас жүрек» (1956) атты жас ақындар жинағына енген.
    1956–1958 жж. мектепте ұстаздық еткен.
    1958–1963 жж. Қостанай облыстық газетінде.
    1963–1965 жж. «Тың өлкесі» газетінде қызмет еткен.
    1965 жылы Целиноград облысаралық бөлімшесіне жауапты хатшы болып тағайындалған.
    Қазір «Жаңа Сарыарқа» журналының Бас редакторы.

    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Журналистер одағының М.Сералин атындағы сыйлығының лауреаты, «Астана» және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).Топтама өлеңдері украин, орыс, қырғыз тілдеріне аударылған.
    Шығармалары: Тұңғыш кітап. Өлеңдер. А., ҚМКӘБ, 1963; Кім табады? Өлеңдер. А., «Жазушы», 1965; Достар хаты. Повесть. А., «Жазушы», 1968; Шұғыла. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1970; Көңіл көктемі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Тың түлегі. Өлеңдер. Поэма. А., «Жалын», 1977; Қырандар ұясы. Өлеңдер. Поэмалар. А., «Жалын», 1979; Жауқазын шақ. Повесть, әңгімелер. А., «Жалын», 1980; Дала демі. Очерктер. А., «Қайнар», 1981; Тың тынысы. Таңдамалы өлеңдер, поэмалар. А., «Жазушы», 1982; Таңдау. Повестер. А., «Жалын», 1984.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Оспанов Серікбай

    1945 жылы 1 сәуірде Торғай (Қазіргі Қостанай) облысындағы Жанкелдин ауданының «Шиелі» кеңшарында, «Балдай» қонысында туған. 1968 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.

    1968–1978 жж. Қазақ радиосында, республикалық «Жалын» баспасында бөлім меңгерушісі болып қызмет істеді.
    А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінде аға оқытушы, кафедра меңгерушісі, доцент қызметтерін атқарған.
    Қазір Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының қазақ әдебиеті кафедрасының меңгерушісі.

    Алғашқы топтама өлеңі 1967 жылы «Жер жүрегі», 1969 жылы «Жас керуен» атты ұжымдық жинақтарға енген. Бірнеше жыр жинақтарының, аударма өлеңдердің, балаларға арналған тақпақтардың авторы.
    «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. Жамбыл атындағы халықаралық сыйлықтың, А.Байтұрсынов атындағы сыйлықтың лауреаты. «Жаңа ғасыр, жаңа ән» сайысының бас жүлдегері. 2001 жылы облыс әкімінің сыйлығын иеленген. Бірнеше бәйгелердің жүлдегері. 200-ден аса ән мәтіндерінің авторы. Филология ғылымдарының кандидаты, доцент.
    Шығармалары: Жүрек лүпілі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1971; Жарқын жастық. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Қайнар бұлақ. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1977; Қоңырау гүл. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1979; Айгүл. Өлеңдер. А., «Жалын», 1981; Алтын арқау. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1982; Батыр туралы баллада. Өлеңдер. А., «Жалын», 1984; Тіршілік тамыры. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Назқоңыр. А., «Жалын», 1987; Балдай таудың баурайында. А., «Жалын», 1990; Шашу. А., «Жалын», 1992; Бесік. А., «Өнер», 1992; Қадір түні. А., «Жалын», 1995; С.Мәуленов – журналист, публицист. А., «Ғылым», 2001; Публицистика. А., «Сага», 2001; Ахмет өскен ақындық орта. А., 2004; Қараторғай. А., «Жазушы», 2004; Алтынсариннің айналасындағы адамдар. 2006; Ең жақын кім адамға?. А., «Балалар әдебиеті», 2007; Сағындым Алматымды. Қостанай. «Шапақ», 2009.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Өзденбаев Хасен

    24 қыркүйекте Қостанай облысындағы Комсомол (бұрынғы Қарабалық) ауданының ІІ ауылында дүниеге келген. 1911–1920 жж. Троицк қаласында татар медресесінде орысша-татарша мектепте, содан кейін гимназияда, 1924 жылы Орынборда мұғалімдерді даярлайтын, 1934 жылы Мәскеуде облыстық газет редакторларын даярлайтын курстарда, кейін Қостанайдың мұғалімдер институтында оқыған.

    1920–1928 жж. кеңес заң орындарында қызмет атқарған.
    1928–1973 жж. баспасөз орындарында редактор қызметін атқарған.

    Әдеби қызметті 1929–1930 жылы Қостанайдың округтік «Ауыл» газетінде фельетон, очерктер жазудан бастаған. М.Алексеевтің «Большевиктері», М.Шолоховтың «Көтерілген тың», «Тынық Дон», О.Бальзактың «Шегірен былғары», И.Гончаровтың «Обломов», «Белгілі әңгіме» романдары, П.Мэрименің, И.Вазовтың әңгімелері оның аударуымен қазақ оқырмандарына жетті. Ғ.Мұстафиннің «Дауылдан кейін» романын Н.П.Кузьминмен бірлесіп қазақшадан орысшаға аударды. А.Мұхтардың «Апалысіңлілер» романын өзбекшеден, Ә.Еникидің «Айтылмай қалған өсиет» повесін татаршадан тікелей қазақшалады.
    Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері. «Еңбек ардагері», «Еңбектегі ерлігі үшін» медальдарымен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен марапатталған.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Салғарин Қойшығара

    Жангелдин ауд. Көкалат а. дүниеге келген. Жазушы, филология ғылымының кандидаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.
    Ол 1957 ж. орта мектепті бітіріп, 1959 ж. ҚазМУ филология факультетінің журналистика бөліміне оқуға түсті.
    1957 -1959 жж. Жангелдин ауд. шопан, 1964 - 1965жж. «Ауыл өмірі» газ. ред., 1965-1971 жж. Қостанай обл. Қазақ радиосының меншікті тілшісі болып қызмет атқарды.
    1971-1975 жж. жаңадан Торғай обл. ашылуына байланысты сондағы обл. телерадио комитетінің бас ред. қызметіне бекітілді.
    1975-1990 жж. Алматыға қайта оралды. Респ. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газет редакциясына қатардағы әдеби қызметкер болып қабылданды.
    1990-1993 жж. Әдебиет және өнер ин-тында қызметкер.
    1993-1997 жж. ҚР Мемлекет хатшысының кеңесшісі, мем. саясат жөніндегі ұлттық кеңес хатшысының орынбасары, хатшысы.
    1997 ж. ҚР ҚХР-дағы Елшілігінде мәдниет жөніндегі кеңесшісі қызметін атқарды.
    Қойшығара Салғараұлы 1998 ж. бері Астана қ. Л. Н. Гумилев ат. Еуразия ұлттық унтінде “Деректану және отандық тарих тарихнамасы” зертханасына жетекшілік етіп келеді.
    Жазушы 1996 ж. «Қазақтар» трилогиясы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды.
    Түркология ғылымы саласында үздік болғаны үшін Қойшығара Салғариннің«Ұлы қағанат» деген еңбегі Күлтегін ат. сыйлыққа ие болды.
    Алматыда өткен шопандардың респ. слетіне қатысып, ҚазССР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Грамотасымен марапатталған. Екі рет медальмен және ҚазКСР Жоғары Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған.
    Жазушы, ғалым, зерттеуші, журналист Қойшығара Салғараұлының есімі қазіргі таңда еліміздегі зиялы қауым, ақын-жазушылар, зерттеушілер және тарихшылар арасында үлкен құрметпен аталады.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Сегізбаев Аманғали

    Қостанай облысының бұрынғы Орджоникидзе ауданындағы Ақсу колхозында туған. Молдадан хат таниды. Троицк қаласында «Уәзифа» медресесін, 1919 жылы Қостанайда жаңадан ашылған журналистер институтын бітірген. Еңбек жолын сонда ұстаз, уездік оқу бөлімінің инспекторы болып бастаған.

    1923 жылы Орынборда шығатын «Жас қазақ» журналының жауапты хатшысы.
    1924 жылдан бастап «Еңбекші қазақ» газетінің редакторы, Семей облыстық «Екпінді» газетінің жауапты хатшысы, республикалық «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің қызметкері, Жамбыл облысындағы меншікті тілшісі болған. Сол тұстарда өлең-поэмалары, фельетондары, әңгіме-очерктері жиі жарияланып тұрған.
    1942 жылдың бас кезінде ел қорғауға аттанады.
    1944 жылы қарашада Кенигсберг қаласы үшін болған ұрыста ерлікпен қаза табады.

    1977 жылы «Жазушы» баспасынан «Дала жұлдыздары» атты әңгімелер мен очерктер жинағы шыққан.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Сәрсекеев Қоғабай

    Қостанай обл. Жанкелдин ауд. Торғай ауылында туған.
    1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген соң, республикалық «Қазақстан пионері», «Социалистік Қазақстан», «Қазақ әдебиеті», «Кітап жаршысы» газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактор, «Жалын» баспасының бас редакторы, республикалық «Қазақ кітап» бірлестігінің бас редакторы, Қа-зақстан кітап таратушылар ассоциациясының президенті қызметтерін атқарған. «Сақ» акционерлік қоғамының президенті.
    Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері. Қостанай, Торғай қалаларының құрметті азаматы. Халықаралық ақпараттану академиясы-ның, Халықаралық Еуразия академиясының академигі, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының және Б. Майлин атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Францияның «SPI» алтын медалі мен Халықаралық ақпараттану академиясының алтын медалінің иегері.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Сомжүреков Жұмаш

    1940 жылы 1 ақпанда Торғай облысы, Аманкелді ауданы, «Қайыңды» ұжымшарында туған. 1957 жылы мектеп бітіріп, үш жыл шопан болған. 1964 жылы ҚазМУ-дің филология факультетін бітірген. Әр жылдарда мұғалім, жастар жетекшісі, республикалық «Қазақстан ауыл шаруашылығы» журналында, облыстық «Торғай таңы» газетінде тілші болып жұмыс істеген.
    Өткір әдеби сындары, проблемалық, әлеуметтік тақырыптарды өзек еткен көптеген мақалалары республикалық баспасөз беттерінде жарияланған.
    «Көктем тынысы», «Нұрлы нысана» атты өлең кітаптары, «Сарыарқа» таңдамалы жыр жинағы шыққан.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Тәтіқара

    Тәтіқара – ақын. 1705 жылы туған. ХVІІІ ғасырдың ақыны.
    Қазақ халқының ХVІІІ ғасырындағы және ХІХ ғасырдың алғашқы жартысындағы мәдениеті өткен заманның мәдениетімен және оның ең жақсы дәстүрлерімен сабақтас байланыста болды. Сонымен қатар бұл кезде қазақ мәдениетінде жаңа құбылыстар біліне бастады. Халық мәдениеті мен феодалдық-байшылық мәдениеттің арасындағы қайшылықтар, әлеуметтік-экономикалық жағынан неғұрлым ілгерілеген халықтардың мәдениетіндегідей айқын болмаса да, бірден бірге анық біліне түсті. Қазақ мәдениетінің одан әрі дамуы үшін қазақстанның Ресейге қосылуының үлкен маңызы болды.
    ХVІІІ ғасырға дейін қазақ ақындарының есімдері, олардың әрқай-сының шығармалары, олардың жасаған кезі белгісіз еді десе болғандай. Ақындар мен жыраулардың кейбіреулері өздерінің шығармаларын өздері жазып отырды, соның арқасында олардың өлеңдерінің өз мәтіндері сақталып қалды.

    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Тілемісов Хайдолла

    20 мамырда Қостанай облысының Обаған ауданындағы (қазіргі Қостанай ауданы) Сатай ауылында туған. Екі жылдан астам туған колхозында жұмыс істейді. 1943 жылы Меңдіқара педагогикалық училищесіне оқуға түседі. Осында оқып жүріп ақындардың аудандық айтысына қатысады да, өнерімен көзге түседі.

    1944 жылы Қостанайда ашылған облыстық филармонияға қызметке шақырылады.
    1949 жылы облыстық «Большевиктік жол» газетінің ауыл шаруашылығы бөліміне әдеби қызметкер болып орналасады.
    1951 жылдың сәуірінде Қостанай облыстық радиосына аға редакторлық қызметке ауысады.
    1955–1960 жж. «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш») газетінде комсомол тұрмысы, тілшілер және шаруа-жастар бөлімдерінің меңгерушісі қызметін атқарады, редколлегия мүшесі болады. Осыдан кейін он жыл бойы Қазақ радиосы мен телевизиясының Бас редакторы, Қазақ радиосының Бас редакторы, Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитеті Бас редакторының қызметтерін атқарады.
    1970 жылдың қаңтарынан республикалық «Қайнар» баспасында бес жылдай бас редактор, одан кейін 1996 жылдың қаңтарына дейін директоры болды.

    Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері атағын алған. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамоталарымен, «Еңбектегі ерлігі үшін», «Тың жерлерді игергені үшін» және басқа медальдармен марапатталған.
    Шығармалары: Екінші тың ерлері. Очерктер. А., 1964; Қияннан қияға. Деректі повесть. А., 1969; Азамат. Повесть. А., 1980.
    Аудармалары: А.Беляев. Ауа саудагері. Бас туралы хикая. Романдар. А., «Жазушы», 1974; И.Авижюс. Шайқалған шаңырақ. Роман. А., «Жазушы», 1977; А. Беляев. Әлем әміршісі. Ариэль. Романдар. А., «Жазушы», 1980; М.Михеев. Ақтаңдақтың құпиясы. Вирус В–13. Повестер. А., «Жазушы», 1982; А. Чаковский. Жеңіс. Роман. І–ІІ кітап. А., «Жазушы», 1983.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Тоғызақов Қасым

    3 қарашада Қостанай облысы, Меңдіқара ауданында туған. 1926 жылы жетіжылдық мектепті бітіріп, Қостанайдағы педагогика техникумында оқыды. Оны бітірген соң, 1930 жылы Ленинградтағы А.И.Герцен атындағы педагогика институтының орыс тілі мен орыс әдебиеті факультетіне түскен.

    1934 жылы Алматыға келіп, Қазақстан Жазушылар одағында аударма бөлімінің меңгерушісі болып істеген.
    1936 жылы халық ақыны Жамбылдың жеке әдеби хатшысы болып, онымен бірге Мәскеуде болған қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне барады. Ақынның айтқан өлеңдерін жазып алып, редакциялаған және оның сол кезде шығарған негізгі шығармаларын сөзбесөз орысшаға аударған.

    1934–1940 жж. М.Лермонтовтың «Демон», «Мцыри», «Хаджи Абрек», «Ақынның өлімі», «Тамара», т.б. шығармаларын, А. Пушкиннің «Бақшасарай фонтаны», В. Маяковскийдің «В.И.Ленин», Н.Некрасовтың «Орыс әйелдері» поэмаларын, Н.Гогольдің «Үйлену» пьесасын, А.Чеховтың «Шағаласын», А.Толстойдың «Алтын кілтін» қазақшалаған. А.Твардовскийдің «Василий Теркин», А.Мицкевичтің «Тукай», П.Антокольскийдің «Ұлым» атты поэмаларын, сонымен қатар Д.Бедныйдың, Лебедев-Кумачтың, Безымянскийдің, И.Вазовтың, Я.Колостың, Я.Купаланың, басқа да ақындардың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. И.Шуховтың «Өшпенділік» атты романын, Х.Есенжановпен бірге Бальзактың атақты «Шегірен былғары» романын тәржімалады.«Қозы Көрпеш-Баян сұлу» операсына либретто, «Сібір Омар» атты поэма жазды.
    Шығармалары: Сібір Омар. Өлеңмен жазылған роман. А., «Жазушы», 1967; Омар Сибирский. Роман в стихах. А., «Жазушы», 1968; Таңдамалы. А., «Жазушы», 1980.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Тұрғынбеков Серік

    1946 жылы 1 наурызда бұрынғы Торғай облысы, Жангелдин ауданы, Тосын құмында, Төлеген қыстауы деген жерде туған.

    1964 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін, Торғай ауылындағы Жангелдин аудандық «Жаңа өмір» газетінің редакциясына қызметке орналасқан.
    1967–1973 жж. Қазақ радиосында аға редактор.
    1973–1978 жж. республикалық «Лениншіл жас» газетінің Торғай, Қостанай облыстары бойынша меншікті тілшісі.
    1978 жылы Халық творчествосы үйінде фольклор бөлімшесінің жетекшісі.
    1980 жылы Қазақ телевизиясының әдеби-драмалық хабарлар Бас редакциясында редактор.
    1981–1985 жж. Қазақ КСР Баспа, полиграфия, кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі болып істеді. Бұдан соң «Ақиқат» журналында, Мәдениет министрлігінің репертуарлық-редакциялық алқасында, Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар мен жастар театрында түрлі қызметтер атқарды.
    Қазір Астанадағы С.Сейфуллин мұражайының директоры.

    Бірнеше жыр жинақтарының авторы. Сонымен бірге аудармамен де айналысады. Оның аудармасымен А.Твардовскийдің лирикалық өлеңдері «Перзент сыры» деген атпен (1984, «Жалын»), «Бауырлас жырлар» сериясы бойынша П.Богдановтың «Москва үшін шайқас» поэмасы (1985, «Жазушы») оқырмандар қолына тиді. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты.
    Шығармалары: Қобыз. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1975; Көкейкесті. Өлеңдер. А., «Жалын», 1978; Торғай толғауы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1981; Жүрегімнің сәулесі. Өлеңдер. А., «Жалын», 1983; Тыңда түлегендер. Очерктер. А., «Қайнар», 1983; Кеш келген көктем. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Жерорта. Өлеңдер. А., «Жалын», 1998.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Хайдаров Сафаржан

    Қостанай облысының Меңдіқара ауданындағы Сексенбай ауылында туған. 1942 жылғы тамызда әскер қатарына шақырылып, төрт жарым жыл Отан алдындағы азаматтық борышын өтеген.

    Қостанай облысы, Семиозер аудандық газетінің редакциясында жауапты хатшы, кейін облыстық «Большевиктік жол» газетінің редакциясында жауапты хатшы болып істеді.
    1952 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебін бітіргеннен кейін Қостанай қаласында 1955 жылға дейін облыстық «Коммунизм жолы» газетінің редакторы болды
    1955–1957 жж. КОКП Орталық Комитеті жанындағы Жоғары партия мектебінде оқыды. Оны бітіргеннен кейін Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті Насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы болды.
    1959–1962 жж. республикалық «Қазақстан коммунисі» журналы редакциясының редколлегия мүшесі және жауапты хатшы қызметін атқарды.
    1962–1965 жж. Тың өлкелік кеңесінің органы – «Тың өлкесі» газетінің редакторы болды.
    1966 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің нұсқаушысы, қараша айында «Социалистік Қазақстан» газеті редакторының орынбасары болып тағайындалады. Осы қызметте өмірінің соңына дейін болды.

    1967 жылы «Азамат келбеті», 1971 жылы «Азамат сыры» атты очерктер жинағы жарық көрді. Араб жазушысы М.Таймұрдың әңгімелерін, жазушы Б.Бхаттачарияның романын, түрік жазушысы Ф.Эрдинчтің «Алланың айуандары» деген әңгімелер жинағын, орыс жазушылары Тихоновтың, Алексеевтің, Панованың әңгімелерін аударды.
    Бірнеше медальмен және Грамоталармен марапатталған.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Хакімжанова Мәриям

    Қостанай обл. Қостанай ауд. Қобыланды ауылында туған. Жұмысшылар факультетінде оқи жүріп (1931-1932 жж.) ол «Әйел бостандығы» журналында (1929-1932 жж.) әдеби қызметкер және жауапты редактор болып қызмет атқарды (1932-1934 жж.).
    Ақынның алғашқы өлеңі 1929 жылы, ал бірінші жинағы 1935 жылы жарыққа шықты.
    Мәриям Хакімжанова 1935-1937 жылдар аралығында Орынбор облысы Дамбар ауданында кітапхана меңгерушісі болды.
    1939-1944 жж. Қазақстан жазушылар Одағындағы халық ақындары бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарды.
    1945-1959 жж. Қазақстан мемлекеттік көркем әдебиет баспасында жұмыс істеді. Ақынның өлеңдері орыс, өзбек, қарақалпақ, қырғыз, қытай, белорус, армян және бірнеше басқа да тілдерге аударылды.
    Мәриям Хакімжанованың шығармашылыққа толы еңбегі «Құрмет грамотасы», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен және бірқатар медальдармен атап өтілді. 1986 ж. оған «Қазақстанның халық жазушысы» атағы берілді.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Хасенов Ермекбай

    1950 жылы 19 қаңтарда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы (Семиозер), Диев ауылында туған. 1971 жылы Орал қаласындағы А.С.Пушкин атындағы педагогика институтын тамамдаған.

    Еңбек жолын өзі түлеп ұшқан мектебінде ұстаздық қызмет етуден бастаған.
    Аудандық оқу бөлімінің методисі, Аққұдық сегіз жылдық мектебінде оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, директор.
    1975 жылы облыстық «Коммунизм таңы» газетінде тілші.
    1984 жылы республикалық телерадио комитетінің «Алатау» бағдарламасында редактор болып жұмыс істеген.
    1989 жылдан бастап облыстық «Қостанай таңы» газетінің редакциясында бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған.

    «Батыр Сұлтан» повесі, «Өнегелі ғұмыр» атты деректі хикаяты, «Көгілдір орамал» повесі жарық көрген.
    2005 жылы Қостанай Меценаттар клубының «Қазына» сыйлығын иеленген.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Шаяхмет Ақылбек

    Белгілі қазақ ақыны, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист Қостанай облысының Жітіқара ауданында Желқуар ауылында (Забеловка селосы) туған.
    Жітіқара қаласында қазақ мектебін бітіргеннен кейін «Шевченко» кеңшарында шопан болып жұмыс істеді.
    1968 ж. оны Әулиекөл аудандық газетіне қызметке шақырады. Одан кейін Алматы облыстық «Жетісу», Қостанай облыстық «Қостанай таңы» газеттерінде, облыстық телекомпанияда жұмыс істеді. Алматыда Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін және Москвада Әдебиет институтын бітірген.
    Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы облыстық ұйымының төрағасы, Қазақстан жазушылар одағының Қостанай және Торғай облыстары бойынша әдеби кеңесшісі, облыстық тіл басқармасы бастығының орынбасары, ұлт саясаты жөніндегі Қостанай облыстық комитеті төрағасының орынбасары, облыстық мәдениет басқармасы бастығының орынбасары, облыстық білім департаменті директорының орынбасары, А. Байтұрсынов ат. Қостанай мемлекеттік университеті Қазақ және орыс филологиясы институтының директоры, журналистика факультетінің деканы болып қызмет атқарды.
    Қазіргі уақытта ҚМУ Медиа-орталығының директоры. Доцент, филология ғылымдарының кандидаты А.Шаяхмет бірнеше монография мен оқу құралының авторы.
    Қостанай жастар ұйымының, Бүкілодақтық әуесқой шығармашылық фестивалінің лауреаты.
    Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
    А.Байтұрсынов атындағы  медальмен, «ҚР тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған. Бұқар жырауға, Бейімбет Майлинге, Нұржан Наушабайұлына арналған республикалық мүшайралар-дың жеңімпазы, тәуелсіздікке арналған республикалық жабық жыр мүшай-расының (2010 ж.) жүлдегері.

    Көзімді ашып көргенім (ақын, жазушы, драматург, көсемсөзші-журналист, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Ақылбек Шаяхметтің 60 жасқа толуына орай ). Бибилиографиялық әдебиет көрсеткіші. - Қостанай. 2011.- 56б. 


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Шәкібаев Серік

    27 қыркүйекте Павлодар қаласында туған. Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін «Шілікті» совхозына жұмысқа кіріп, комсомол комитетінің хатшысы болып сайланады. Ұлы Отан соғысының алғашқы жылдарынан бастап, отыз екі жыл бойы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында қызмет істеген. Абай атындағы Қазақ педагогика институтының тіл, әдебиет факультетінде сырттай оқыған. Көп жылдар (1960–1975) Қостанай қалалық партия комитетінің мүшесі, халық депутаттары қалалық кеңесінің депутаты болып сайланды. 1983 жылдан бастап Қазақстан Жазушылар одағының Қостанай облысындағы әдеби кеңесшісі болды.
    Көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған.
    Шығармалары: Үлкен Түркістанның күйреуі. Роман. А., «Жазушы», 1968; Падение большого Туркестана. Роман. А., «Жазушы», 1972; Чоң Туркестанның қирашы. Роман. Ф., «Қырғызстан», 1976; Чрезвычайная комиссия. Книга-поиск. А., «Жазушы», 1978; Көтеріліс. Роман. А., «Жазушы», 1984.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Шипин Омар

    Қазақстанның халық ақыны, 1916 ж. ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысушы, көтеріліс жаршысы, Амангелді Имановтың сенімді серіктерінің бірі Обаған ауд. (қазіргі Қостанай ауд.) дүниеге келген.
    Ақын 1916 жылы патшаның бұратана халықтарды майданның қара жұмысына алу туралы жарлығына қарсы көтерілген сарбаздар қатарына қосылды.
    Шипин ағартушы, педагог Ы. Алтынсариннің ұстаздық қызметі, еліне білім жайған ізгілікті істері туралы тебіріне жыр толғап, «Ыбырай» дастанын жазды.
    Омар Шипин кезінде ҚазКСР Жоғарғы Кеңесінің (3-4 шақырылуы) депутаты болып сайланды. Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, медаль-дармен марапатталды.
    Ақынға 1961 жылы «Қазақ ССР-нің халық ақыны» құрметті атағы берілді.
    Сондай-ақ қазіргі Алтынсарин ауд. бұрынғы Маяковский кеңшарындағы орта мектепке және Қостанай қ. бір көшеге ақынның есімі берілді.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Шүкірұлы Сабыржан

    1939 жылы 12 тамызда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Достияр мекенінде туған. 1969 жылы ҚазМУ-дің журналистика факультетін, 1972 жылы Алматы Жоғары
    партия мектебін тамамдаған.

    1959–1961 жж. Оңтүстік Торғай кен зерттеу және барлау экспедициясында топографиялық отрядта аға құрылысшы.
    Жангелдин аудандық байланыс торабында телефон монтері, аудандық қамсыздандыру бөлімінде инспектор.
    1961–1965 жж. аудандық «Социалистік ауыл», кейін «Жаңа өмір» – «Новая жизнь» газеттерінде әдеби қызметкер, аудармашы, бөлім меңгерушісі.
    1965–1970 жж. Жангелдин аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы.
    Торғай облыстық партия комитетінде нұсқаушы болып қызмет еткен.
    1974–1988 жж. «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің Торғай облысындағы меншікті тілшісі, аға тілші, бөлім меңгерушісі, алқа мүшесі.
    1990 жылы «Социалистік Қазақстан» газеті Бас редакторының орынбасары.
    1991 жылдан «Сұхбат» және «Партия» хабаршылары біріккен редакциясының Бас редакторы.
    1992 жылдан «Сұхбат» экономикалық апталығының Бас редакторы.
    1996 жылдан «Ана тілі» ұлт апталығында шолушы, бөлім редакторы, Бас редактордың орынбасары.
    1998 жылдан «Ана тілі» ұлт газетінде Тіл және этнография бөлімінің редакторы.
    1991–1992 жж. Қазақстан социалистік партиясы Орталық Комитетінің мүшесі, басылымдардың Бас редакторы, «EURASIA» Республикалық газетінің Бас редакторы қызметін атқарған.
    1966–1970 жж. Жангелдин аудандық партия комитетінің бюро мүшесі, аудандық Кеңес депутаты, Қостанай облыстық Комсомол Комитетінің мүшесі болған. Қазақстан комсомолының ХІ және ХІІ съездеріне делегат болып қатысқан.
    1964 жылдан КСРО, қазір Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі.

    1968 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Құрмет грамотасымен, БЛКЖО Орталық Комитетінің Құрмет грамотасымен, 1970 жылы В.И.Лениннің 100 жылдығына арналған мерекелік медальмен марапатталған. 1989 жылы «Қазақ әдебиеті» газетінің жүлдесін, 1989 жылы «Қазақ ССР-інің еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» атағын алған. 1993 жылғы Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты.
    «Тамаша өмір» (1986), «Шақшақ Жәнібек» (1997) атты деректі әңгімелер, «Нақпа-нақ» (2000) ой түйіндері, «Рухани өріс кернеуі» (2001) әдеби сынзерттеу және «О заманда бұ заман» атты публицистикалық кітаптары жарық көрген.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Щеголихин Иван

    1927 жылы 1 сәуірде Қостанай облысы, Қарабалық ауданы, Новотроицк селосында туған. Алматы медицина институтын бітірген, әскери-авиациялық училищесінде оқыған.

    1957 жылдан 1976 жылға дейін «Простор» журналында проза бөлімінің меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, деректі проза бөлімінің меңгерушісі болды.
    1994 жылы ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

    Алғашқы әңгімесі «Профессор қызы» «Советский Казахстан» (1954) журналында басылды. Ол С.Сейфуллиннің, С.Мұқановтың, Ғ.Мұстафиннің, Х.Есенжановтың, Ә.Шәріповтің, М.Ғабдуллиннің, С.Талжановтың, ұйғыр жазушысы Х.Абдуллиннің романдары мен повестерін, сондай-ақ М.Әуезовтің, Т.Ахтановтың, Ж.Жұмахановтың, Р.Райымқұловтың, Т.Нұртазиннің әңгімелерін аударған.
    Парасат орденінің (1994) иегері, Қазақстанның Халық жазушысы (1992) «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерекелік медалімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған.
    Шығармалары: В одном институте. Повести и рассказы. А., ҚМКӘБ, 1958; Седое поле. Повести и рассказы. А., ҚМКӘБ, 1961; Снега метельные. Роман. А., ҚМКӘБ, 1961; И снова утро. Роман, повесть, рассказы. А., «Жазушы», 1965; Храни огонь. Повести и рассказы. А., «Жазушы», 1968; Машина времени. Повесть. А., «Жазушы», 1969; Назаров. М., Повести. «Советский писатель», 1970; Пятый угол. Повести. А., «Жазушы», 1974; Снега метельные. Роман. А., «Жазушы», 1977; Время выбора. Повесть. М., Политиздат. 1979; Шальная неделя. Повесть. А., «Жазушы», 1979; Слишком доброе сердце. Повесть. М., Политиздат. 1983; Дефицит. Роман. А., «Жазушы», 1984; Холодный ключ забвения. А., 2002; Избр. произведения 2-том. А., 2007.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Щербинин Иван

    Павлодар облысы Коряков ауданы Леонтьевка ауылында туған. Ұлы Отан соғысына қатысушы. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО түрлі әскери бөлімдерінде қызмет етті.
    1959 жылдан демалысқа шыққанға дейін Қостанай облыстық әскери комиссариатында қызмет істеді. Жазушы.
    Соғыс ардагерлері комитеті кеңесінің, «Отан ұлы» (Ресей) газеті редакциясының және «Қазақ тілі» қоғамының сыйлықтарының лауреаты. Қостанай ардагерлер кеңесі төралқасының, облыстық «Боздақтар» ескерткіш-кітабы (1965 жылдан) редколлегиясының мүшесі.
    Майдангер-қостанайлықтар және полктестері туралы «Заман үні», «Ерлік жолы», «Елін сүйген ерлер», «Өз өлкесінің батырлары» очерктері мен кітаптарын жазып шығарды.
    Соғыс ардагерлері кеңесі комитетінің және Бүкілодақтық соғыс және тыл ардагерлерінің, Қарулы күштердің құрмет белгілерімен марапатталған. «Соғыс ардагері» (соғыс ардагерлері комитеті кеңесінің органы) журналы редакциясы сыйлығының лауреаты.
    Екі әскери орденмен және медальдармен, «Ерлігі және Отанға деген сүйіспеншілігі үшін» белгісімен, «Жер асты байлығын барлау жұмыстарының үздігінің» екі белгісімен марапатталған.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Ыдырысұлы Әбілфайыз

    1930 жылы 23 ақпанда Қостанай облысы, Аманкелді ауданы, Бүйректал елді мекенінде туған.
    1953 жылы ҚазМУ-дің филология факультетінің журналистика факультетін бітірген.

    1953–1965 жылы «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде, Қазақ республикалық радиокомитетінде жауапты қызметтер атқарған.
    1965 жылдан бастап қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде көп жылдар бойы ұстаздық етті. Профессор.

    «Әуезовке – іңкәрлік» (1997), «Біртуарлар болмысы» (2000) эсселер жинақтары, «Таңшолпан» роман-хикаясы (2000), «Аңсаған менің әнімсің», «Берік», «Мұхамеди» повестері жарық көрген.
    Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қызметкері (1991), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері (2001), Қазақстан Журналистер одағының К.Қазыбаев атындағы сыйлығының лауреаты.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Ысқақов Бақыткерей

    1945 жылы 9 мамырда Қостанай облысы, Арқалық ауданындағы Қайыңды ауылында туған. 1968 жылға дейін Аманкелді, Арқалық аудандарында жүргізуші болып еңбек еткен. 1972 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.

    Жазушылар одағында көркем әдебиетті насихаттау бюросының нұсқаушысы.
    1975 жылы Баспа комитетінде аға редактор.
    1976 жылы «Жалын» баспасының балалар әдебиеті редакциясында.
    1979–1994 жж. «Жазушы» баспасында редактор болып қызмет істеді.

    Аманкелді ауданының Құрметті азаматы (1995).
    Алғашқы өлеңдері 1975 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Көктем тынысы» атты жинаққа енген. Татар ақыны М.Хұсайыновтың «Сүйемін сені», монғол ақыны Ж.Дашдондогтың «Күншуақ» атты өлең кітаптарын аударған. Сондай-ақ Т.Шевченко, Тоқтағұл, М.Исаковский, Б.Слуцкий, В.Кулемин, Я.Козловский, О.Фокина, М.Познанская, т.б. ақындардың өлеңдерін аударуға қатысты. Өлең-жырлары орыс, татар, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылды. Бірнеше дүркін республикалық, аймақтық жыр мүшәйраларының жүлдегері.
    Шығармалары: Ғашық жүрек. Өлеңдер. А., «Жалын», 1977; Тәкаппар таулар. Өлеңдер мен поэма. А., «Жалын», 1979; Маржан тұма. Өлеңдер. А., «Жалын», 1982, Шыршалы шың. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1982; Жол айырығы. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1985; Найзағай жарқылы. Өлеңдер. А., «Жалын», 1986; Бұлттар таудан тарайды. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1989; Бұлттағы бұлақ. Таңдамалы өлеңдер. А., «Жазушы», 1992; Той төбе. Өлеңдер мен поэма. А., «Жазушы», 1996; Бес тас. Өлеңдер. А., «Балауса», 1993; Разбег. Стихи. А., «Жалын», 1986; Горная высь. Стихи. А., «Жалын», 1988; Жүрегім жұлдыздар ұясы. Аст., «Фолиант», 2004; «Тәңір құсым». «Мектеп», 2005; «Күн – ілгері». «Мектеп», 2009.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Ысмағұлов Жұмағали

    1928 жылы 17 сәуірде Қостанай облысының Сарыкөл ауданындағы Соналы ауылында туған. Орта мектептің 8 сыныбын бітірген.

    1942 жылы алғашында Әулиекөлдегі аудандық газет баспаханасында әріп теруші.
    сосын аудандық газет редакциясында жауапты хатшы болып істеген.
    1951 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін бітірген.
    3-курс студенті кезінде-ақ «Коммунист» (қазіргі «Ақиқат») журналында партия тұрмысы бөлімінің меңгерушісі болып істеді, көп ұзамай оның жауапты хатшысы және редакция алқасының мүшесі болды.
    1952–1987 жж. «Үгітші блокноты» («Блокнот агитатора») журналының жауапты редакторы.
    Қазақстан КП Орталық Комитетінде нұсқаушы.
    республикалық «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы.
    Алматы облыстық «Жетісу», Шығыс Қазақстан облыстық «Коммунизм туы» газеттерінің редакцияларында жауапты қызметкер.
    Қазақстан Компартиясының Орталық Комитеті жанындағы Партия тарихы институтында аударма секторының меңгерушісі.
    Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы Мемлекеттік ақпарат агенттігі (ҚазТАГ) директорының орынбасары, директоры болған
    1985 жылы он бірінші сайланған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты.
    1986 жылы Қазақстан Компартиясының XVІ съезінде Орталық Комитеті мүшелігіне кандидат болып сайланды.
    1987 жылдан бастап М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып істеді.

    1994 жылы «Абай: ақындық тағылымы» («Ғылым») атты монографиясы жарық көрді. 1995 жылы «Абай поэзиясындағы өмір шындығын бейнелеудің реалистік принциптері» деген проблема бойынша докторлық диссертация қорғады. Абайдың шығармашылық мұрасын бастыру және зерттеу жөніндегі жұмыстары үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атағына ие болды. 1996 жылы Қазақстан Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі болып сайланды. Кейінгі кезде М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында Абайтану бөлімінің меңгерушісі болып істейді.
    1991–1996 жылдары қоғамдық негізде Жазушылар одағы басқармасының жанындағы Көркем аударма қауымдастығы президентінің міндетін атқарды.
    Ұзақ жылдар бойы баспасөз беттерінде жарияланған мақалаларының біразы «Маржан мен махаббат» (1965), «Адам мейірі» (1968) атты жинақтарына енгізілді. 2008 жылы «Өнер» баспасынан «Абай: даналық дәрістері» атты ғылыми-публицистикалық монографиясы жарық көрген.
    Бальзактың «Үзілген үміттер», «Жергілікті дәрігер», «Шегрен былғары», Стендальдың «Қызыл мен қара», Ю.Бондаревтің «Жағалау» және «Таңдау», В.Анчишкиннің «Арктика аңызы», П.Коэльоның «Заһир», В.Вересаевтың «Тығырықта» романы мен «Өмірге беталыс» повесін, В.Дальдің «Бекей мен Мәулене», Э.Казакевичтің «Көк дәптер» атты шығармаларын қазақ тіліне аударған.
    «Халықтар достығы», «Құрмет» (2005) ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, филология ғылымының докторы, профессор.


    Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.
    Буктрейлерлер
    Яндекс.Метрика
    Free counters!
    Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

    Жоғары

    X

    X
    X
    Система Orphus