Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қазақ халқының тарихи тұлғалары

63.3(5Қаз)

Қ 17

Қазақ халқының тарихи тұлғалары: Қысқаша анықтамалық. - Алматы: «Өнер» баспасы, 2013. 2-кітап. - 360 б.

 

2011 жылы «Өнер» баспасы сонау ежелгі мыңжылдықтардан бастап, күні кешегі кезеңімізге дейін қазіргі қазақ даласында өмір сүрген және XXI ғасырдағы қазақ жұртының рухани, мәдени, тарихи арнасына тікелей қатысы бар тұлғалар туралы қилы-қилы дереккөздерден жинақтап, «Қазақ халқының тарихи тұлғалары» - атты қысқа анықтамалық кітаптар сериясының 1-кітабын жарыққа шығарған болатын. Енді, міне, сол серияның 2-кітабын дайындап, қолдарыңызға тапсырып отырмыз. 1-кітапта жіберілген кейбір селкеуліктерді реттеп, бұл жолы біз алфавиттік (әліпбилік) қатарды емес, топтама тарауларда жинақталған тұлғалардың өмір сүрген кезеңін (ғасырлар, онжылдықтар, жылдар, т.б.) алдымызға негізгі арқау етіп ұстадық. Және бұган қоса, 1-кітапта өмірдеректері келтірілген тарихи тұлғаларды 2-кітапта қайталамауға тырыстық.

Осы қысқаша анықтамалық - есімдері көне дәуірлер қойнауынан бүгінгі күнге дейін жеткен қазақ халқының тарихи тұлғаларының өмірдеректері, олардың кейінгі ұрпақтарға қалдырған рухани мұралары, мүмкіндігінше, толық қамтылған жинақ. Баспа деректерді жан-жақты жинақтап, зерделеп, оқырманға әрбір есімнің өзіндік болмысын нақтылап ашатындай етіп беруге тырысты.

Бұл кітап Елім, Халқым, Жерім деп тебіренетін әрбір қазақтың төрінен де, жүрегінен де өз орнын алатындығына нық сенімдіміз.



Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus