Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Жарық жұлдыздар
63.3(5Қаз)
О-42
Озғанбай, Ө.
Жарық жұлдыздар [Мәтін]. Т. 4 / Ө. Озғанбай. – Алматы : Нұрлы Әлем, 2021. – 232 б.

Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, танымал зерттеуші ғалым, қоғам дамуы, адамдар, тағдырлар туралы жазылған қырыққа жуық кітаптардың, жүздеген мақалалардың авторы, ҚР Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Өмірзақ Озғанбайдың бес томдық шығармалар жинағы оқырманға жол тартып отыр. «Ресей Мемлекеттік Думасы және Қазақстан», «Тарих тағылымы», «Қазақтың шешендігі мен көсемдігі астасқанда», «Жарық жұлдыздар», «Тағзым» атты туындылардан түзілген жинақтарда халқымыздың тарихына қазақтың тарихи тұлғаларының, атақты көсемдері мен шешендерінің ел көсегесін көгерту жолындағы жанкешті іс-әрекеттері арқылы шолу жасалады. Сондай-ақ бестомдықта оқырманға кезінде Ресей Мемлекеттік Думасына Қазақстаннан депутат болып сайланған қазақ қайраткерлері өмірінің бұрын-соңды аз зерттелген қырлары ұсынылады. Көптомдықтан автор жөнінде де бірсыпыра мағлұматтар алуға болады.

Тілі жатық, қызықты оқылатын көптомдық қалың оқырман қауымға арналып шығарылып отыр.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus