Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Сартқожаұлы, Қ. Орхон ескерткіштерінің толық атласы
63.44я6
С 22
Сартқожаұлы, Қ.
Орхон ескерткіштерінің толық атласы [Мәтін] : екі томдық. Т. 1 / Қ. Сартқожаұлы. – Алматы : Қазақ кітабы, 2023. – 556 б. : сурет.


Еуразия субконтинент алып аймағында «Мәңгілік Ел» орнатуды мұрат етіп, үш ғасыр бойы билік жүргізген байырғы түріктердің қайталанбас тарихи-мәдени және рухани құндылықтары «Орхон ескерткіштер Атласында» қамтылды.
Олардың өз дәуіріндегі рухани олжасы – түріктік мәдениет, білім әліпби жүйесін қалыптастыру. Байырғы түріктердің білімпаздары дүниетанымын, тарихын, тіршілігін, Ел басқару жүйесін мәңгітасқа қашап қалдырды. Осы бір ұлы мұра-жазуы, дәстүр-салты, мәдениеті біздің дәуірге жетіп, адамзат өркениеті мен мәдениетіне аса мол үлес қосты. Бұған дейінгі XIX ғ. Фин және орыс, XX ғ. Моңғол-Чех, Моңғол-Кеңес Одағы, Моңғол-Түркия экспедицияларының нәтижесі, жүз жылдан астам уақыт бойы зерттеген ғалымдардың еңбектері зерделенді. 2001 жылдан ҚР-ның Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Моңғолия, Ресей ғалымдары байырғы түрік зерттеулеріне мол үлес қосты. Сөйтіп, бұрынғы зерттеулерге сын көзбен қарай отырып, ғылым әлеміне осынау еңбек келіп қосылды. Атлас авторы XIX ғ.-да табыл- ған мұраларды жаңалап оқып, аударып, жаңа түсініктемесін берді. Автордың 40 жыл бойы жүргізген далалық экспедиция нәтижесінде әр мұраның археологиялық сипаттамасы алғаш рет толық беріліп отыр. Еңбек түркітанушы, археолог, тарихшы, тілші, өнертанушы, философ, этнограф ғалымдарға, магистранттар мен докторанттарға, сонымен қатар байырғы ұлттық құндылықтарды қызықтаушы оқырман қауымға арналған.


Авторизуйтесь, чтобы добавлять книги в закладки.

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Отаншылдық оқу
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus