Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Болашақ өз қолымызда
06.06.2018

6 маусымда Л. Н. Толстой ат. облыстық әмбебап ғылыми кітапхана ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев ат. Қостанай академиясында мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауының негізгі қағидаларын түсіндіруге арналған ақпараттық сағат өткізді.

Кездесуге Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Н. О. Мұқатов, философия ғылымдарының кандидаты Т. С. Жақыпова және Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК директоры Д. Т. Дүйсебаева шақырылды.

Сөз сөйлегендер Президент айтқан нақты тарауларға жеке-жеке тоқталып өтті және бірінші кезекте Қазақстанның білім беру саласы мен мәдениет саласын жетілдірудің және цифрландырудың қажеттігіне көңіл аударды.

Адами капиталдың жаңа сапасын қамтамасыз ету жайындағы «Бәсекеге қабілетті, дамыған мемлекет болуымыз үшін біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек» делінген Жолдаудың жетінші тарауы ерекше қызығушылық тудырды.

Тамара Сәлімқызы өз сөзінде адамның өзін бәсекеге қабілетті тұлға ретінде тәрбиелеуің маңыздылығын атап өтіп, өз өмірінен және басқа танымал тұлғалардың өмірінен мысалдар келтірді.

Ел Президентінің Астананың дамуына үнемі қамқорлық жасауы оның Еуразияның тұрақты дамып отыратын ірі, заманауи және бәсекеге қабілетті қаласына айналуына мүмкіндік берді.

Жолдаудың тоғызыншы бөлімі Астана қ. арналған. Нағашыбай Оразбайұлы Астананың мемлекет басшысының адами және саяси ерлігі екендігін атап өтті.

Жолдауды жүзеге асыру жолында атқарылып жатқан жұмыстар жайында әңгімелеп берген Дариға Төребайқызы кездесуді қорытындылады.

Сондай-ақ әңгіме барысында «Қазақстанның киелі географиясы» және «Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық. Гуманитарлық жаңа білім» жобалары туралы да сөз болды.

Шара барысында 65 басылым қойылған «Ел жүрегі - Астана» кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus