Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Шуағы мол шаңырақ
06.09.2018

2013 жылдың 1 наурызында мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер тізіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы жарлыққа қол қойды. Осы жарлықпен елімізде жаңа мереке – Отбасы күні бекітілді және оны қыркүйектің әрбір екінші жексенбісінде атап өту туралы шешім қабылданды.

Мерекені бекіту мен жыл сайын атап өтудің негізгі мақсаты мәдени құндылықтарды, дәстүрді, руханилықты сақтау, өскелең ұрпақты тәрбиелеу бойынша мемлекеттің ұлттық міндеттерін жүзеге асыру, отбасы институты арқылы демографиялық мәселелерді, сондай-ақ әлеуметтік сипаттағы мәселелерді шешу болды.

Біздің қоғамдағы отбасы қаншама заманнан бері түрлі ұрпақ өкілдерін байланыстырушы, рухани және мәдени дәстүрлерді сақтаушы болып келеді және солай болып қала бермек.

Отбасы күнін мерекелеу адамгершілікті, руханилықты нығайтуға, жұбайлар жауапкершілігінің қоғам үшін маңыздылығын талассыз мойындауға көмектеседі.

Отанды сүю отбасын сүюден басталады. Туған шаңырақ астында тәрбие алу – бұл барша халқымыздың болашағының саулығы мен жетістігінің кепілі болып табылады.

2018 жылдың 06 қыркүйегінен бастап Әмбебап оқу залында отбасы күніне арналған «Шуағы мол шаңырақ» жедел көрмесі жұмыс істейді. Рабиндранат Тагор жақсы балаларды қалыптастырудың ең үздік жолы оларды бақытты қылу деп білді. Ал отбасында бақытты болудың құпиялары туралы сіз біздің көрмемізден біле аласыз. Көрме ай бойы жұмыс істейді. Қала тұрғындары мен қонақтарын көрмеде күтеміз.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus