Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Менің қалам – менің тағдырым»
06.09.2018

5 қыркүйек күні Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК өлкетану әдебиеттері бөлімі Қостанай қаласының мектеп оқушылары үшін «Менің қалам – менің тағдырым»ретрокөзқарасын өткізді. Шара Қостанай елді мекеніне Николаевск атауымен қала мәртебесінің берілгеніне 125 жыл толуына арналды.

Қаланың тарихы 1879 жылы Орынбордан қоныс аударған1000 адамнан асқан алғашқы топтың келуінен және олардың Тобылдың сол жағалауына орналасуынан бастау алды. 1893 жылы елді мекенге ресми түрде Николаевск атауымен Орынбор губерниясы Николаев уезі Торғай облысына қарайтынқала мәртебесі беріледі.

Кездесуге қостанайлық танымал тарихшылар Иван Кондратьевич Терновой, Қалқаман Хасенұлы Жақып, Дмитрий Максимович Легкий, Сергей Владимирович Самаркин, Арман Қабдырашұлы Қозыбаев қатысып, оқушыларға туған қалаларына қатысты қызықты деректер айтып берді. Шараға қатысқандар пікір алмасып, қонақтар оқушылардың сұрақтарына жауап берді.

Келгендердің назарына кітапханамыздың қорынан алынған Қостанай қаласының тарихы жайындағы материалдар қойылған кітап көрмесі ұсынылды.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus