Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Әр алуан әдебиетшілер
10.09.2018
9 қыркүйекте Әдеби-ақпараттық бөлім «Әр алуан әдебиетшілер» жобасы аясындағы бейресми кездесулерді жалғастырды.  Бұл жолы Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК қонақжайына жиналған қаланың әдеби бірлестіктерінің өкілдері, музыканттар мен өнерді сүюшілер емен-жарқын жағдайда өздерінің өлеңдерін, әндерін, музыкалық композицияларын ортаға салысып, өзара пікір алмасты. Тәтті тоқашпен қоса ұсынылған шәй жиналғандардың достық қатынасын ұлғайта түсті. Мол тәжірибе жинаған авторлармен қатар шығармашылыққа енді келген жастар да ортаға шығып, өз ойларын жеткізді. Алайда ешкім де шарадан көңілсіз қайтпады, барлық қатысушылар үйлеріне көтеріңкі көңілмен тарқасты және мұндай кездесулерді алдағы уақытта да өткізуге тілек білдірісті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus