Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
7 қыркүйекте Толстой ат. ОӘҒК кезекті Қостанай облысы ОКЖ кітапханалары күні өтті
10.09.2018

Бұл жолы бірден Меңдіқара және Ұзынкөл ОКЖ өздерінің жұмыс тәжірибелерін жиналғандардың назарына ұсынды.

«Туған жер – алтын бесік» мазмұнды өлкетану көрмесі, «Меңдіқараның киелі жерлеріне саяхат» әдеби-сазды композиция, «Тамаша тұлғалар өмірі. Ұзынкөл ауданының тарихшы-өлкетанушысы С.Н.Виниченко»кітапханалық журфиксі,ұлы даланың қаһарман қызы К.Б.Дөненбаева жайындағы «Дарқан даланың батыр қызы» портрет-кеші,композитор Виктор Лазарев пен ақын Владлена Лазаервамен болған шығармашылык кездесу және «Өзіңді жырлаймын туған ел» әдеби-музыкалық бағдарламасындағы екі ОКЖ қызметкерлерінің тамаша өнер көрсетулеріоблыс кітапханашыларының көңілінен шығып, жарқын әсер қалдырды және кітапханада мерекелік ахуалдың орын алуына жағдай жасады.   

Шараға облыстық мәдениет басқармасының басшысы Е.Б.Қалмақов, Қостанай облысы кітапханаларының басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ Қостанайдың шығармашылық қауымының өкілдері қатысты.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus