Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Қостанай облысы Жас кітапханашыларының І облыстық жиыны
01.10.2018

   2018 жылдың 26-27 қыркүйегі күндері Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК алғаш рет Қостанай облысы Жас кітапханашыларының жиыны өтті. Шараға өңірдің барлық түпкірінен35 жасқа дейінгі кітапханашылар жиналды. Жиынның негізгі мақсаты өзара тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру және кітапхана қауымдастығының кәсіби шеберлігін дамыту болды.

   Ашылу салтанаты Алексей Губенко жетекшілік ететін қалалық үрмелі аспаптар оркестрінің өнер көрсетуімен басталды. Жиынға жиналғандарды Мәдениет басқармасы басшысының орынбасары Әзімжанова Сәуле Ерқанқызы және облыстық ҮЕБ ресурстық орталығының басшысы, «Қостанай облысының «ГрИн» азаматтық альянсы» ҚБ төрағасы, «АСЫЛ БАЛА» республикалық қауымдастығының Қостанай облысы бойынша» директоры Динара Өтебаева құттықтады. Қонақтар атынан Жиынға қатысушыларды Н.Островский ат. ОҚК кітапханашысы Әсет Гүлназ Әсетқызы құттықтады. Ашылу салтанаты Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК жас қызметкерлерінің орындауындағы «зумба» биімен аяқталды.

  Кітапханалар Қазақстан азаматтарының бойында рухани және адамгершілік тәрбиенің негізін қалыптастыруда маңызды рөлге ие болып отыр.  Қазіргі кездің кітапханашылары кәсіби жұмыстарында кездесетін жаңа бағыттар мен талаптарға мейлінше дайын болулары тиіс.  Сол себепті жиынның бағдарламасына жас кітапханашыларға көмек ретінде оқытушылық сабақтар енгізілді. Актерлік шеберлік пен сахнадағы шешендіктің негіздері бойынша Қостанайдың қазақ және орыс драма театрларының актерлері Қабдолмәжіт Иманов пен Анна Удесияни өткізген сабақтарЖиынға қатысушылардың өздеріне деген сенімдерін арттырып, оларға күрделі жағдайдан шығудың жолдарын, жұртты сендіре білудің амалдарын үйретті.Қостанайлық белгілі фотограф Никос Мармалиди өзінің шеберлігімен бөлісті. Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК әдіскері Светлана Доронина әлеуметтік желілерде кәсіби жұмысты тиімді көрсетудің тәсілдері бойынша тренинг өткізді. Қостанайлық танымал бизнеске үйретуші Алексей Куликов жас кітапханашыларға тұлғалық өсу бойынша психологиялық тренинг өткізді.

  Оқытушылық сабақтардан басқа Жиынның бағдарламасына табиғат аясында белсенді демалу енгізілді. Қатысушылар «Спецназ»демалыс орнына барып, қатерлі және жүйкенің шыдамдылығын шыңдайтын өткелдерден өтті. Кешке «Достық алауының» айналасына жиналған жас кітапханашылар бұл кәсіпке қалай келгендері туралы айтып беріп, жұмыстарында көңілін алаңдатып жүрген сауалдарды ортаға салды.

  Жиын жиынға қатысушылар арасында өткізілген «Мен кітапханашымын» үздік эссе байқауының жеңімпаздарын марапаттаумен аяқталды.  Үздік деп танылған жұмыстар естелік сыйлықтармен аталып өтілді
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus