Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Файзолла Сатыбалдыұлының туғанына 135 жыл
18.10.2018

   6 қазанда Л.Н.Толстой ат. ОӘҒК ақын, алашордашы, Торғай облысының тумасы Файзолла Сатыбалдыұлының туғанына 135 жыл толуына арналған портрет-кеш өтті.

   Файзолла Сатыбалдыұлы «Тоқымбет», «Ұзақ жол», «Өмірбаян», «Әбдіғапар хан» секілді атақты поэмалардың авторы. Бұл поэмалар тарихи деректерге құрылған, сол себепті олар 1916 жылғы оқиғаларды анықтауда айрықша маңызды болып танылады.

   Кештің құрметті қонақтары ретінде ақынның немересі ҚР ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, полковник Рамазан Зияуйтденов, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ақын Серікбай Оспанов қатысты. Шара барысында қонақтар Файзолла Сатыбалдыұлының өмірі мен қызметіне қатысты қызықты деректер жайында айтып берді.

   Кездесу аясында Файзолла Сатыбалдыұлының толықтырылған және қайта басып шығарылған «Көкірегі алтын көмбе» кітабының тұсаукесері болды.

   Шара Файзолла Сатыбалдыұлының өмірі мен шығармашылығы жайындағы материалдар қойылған кітап көрмесімен сүйемелденді.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus