Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Қазақстанның экономикалық тәуелсіздігінің белгісі»
14.11.2018

2018 жылдың 13 қарашасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгенің айналымға енгізілгеніне 25 жыл толуына орай Ұлттық банк өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесуде «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қостанай филиалы директорының орынбасары Омарханова және «Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі» республикалық мемлекеттік мекемесінің Қостанай филиалының қолма-қол ақша және кассалық операциялармен жұмыс бөлімі басшысының орынбасары Жаулыбаев сөз сөйледі.

Жанна Төлегенқызы мен Нұрлан Әлімбайұлы теңгенің тарихына қатысты қызықты деректер келтіріп, филиалдың негізгі жұмыстары және мерейтойға орай банктің өткізетін шаралары туралы әңгімелеп берді. Кездесуге келген студенттер тәжірибелі экономистердің ұлттық ақшаға қатысты әңгімесін қызыға тыңдады.

Кітапхана ғылыми-көпшілік әдебиеттер қойылған «Ұлттық валюта: кеше, бүгін және ертең» атты кітап көрмесін ұйымдастырды.

Кездесу соңында Ұлттық банк өкілдері кітапханаға ұлттық валютаның 25 жылдығына орай шығарылған «Теңгенің тарихы» кітабын тарту етті.
Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus