Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Батыр тұлғадан – ізгі жол»
23.11.2018

2018 жылдың 22 қарашасында Л. Н. Толстой ат. ОӘҒК Социалистік Еңбек Ері, Қостанай облысының құрметті азаматы Кәмшат Дөненбаеваны еске алуға арналған «Кәмшат» кітабының тұсаукесері өтті. Шараға Қазақстанның Еңбек Ері Сайран Балкенұлы Бұқанов, К. Дөненбаеваның сіңлісі Мүгілсім Нұрсейітқызы Құсманова, Қызыл Ту орденінің иегері Құндызай Ахметоллақызы Ибраева, Қазақстанның құрметті журналисі Гүлжібек Баекенқызы Бекмұхамедова, К. Дөненбаеваның қызы Гүлжан Темірбекқызы, Кәмшат Байғазықызының келіні Ақмарал Шапайқызы Жақсыбаева, «Қостанай таңы» газетінің тілшісі Қыдырбек Қиысхан шақырылды. Қонақтар кейіпкердің азаматтық ұстанымы мен адамдық қасиеттері жайында, кітапты құрастыру барысында деректерді жинау үшін қандай жұмыстар атқарылғаны жайында айтып берді.

Кітапхана ұйымдастырған «Қазақтың алтын қызы» кітап көрмесіне Еңбек Ерінің еңбек жолы жайында, Кәмшат Байғазықызы Дөненбаеваның өмірі мен еңбегіне берілген жоғары баға жайында түрлі жылдары жарық көрген кітаптар мен мерзімді басылымдар қойылды. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus