Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Ең-ең…
16.01.2019

Сатылудың нәтижесі бойынша зор сұранысқа ие болатын кітаптар болады. Алайда олардың даңқы ұзаққа бармайды. Сонымен қатар белгілі бір жанрды – фантастиканы, ғашықтар романын, хоррорды, ертегілерді ұнататындардың тұрақты сұранысына ие шығармалар болады. Әдеби-ақпараттық бөлімнің жаңартылған «Бестселлер» кітап көрмесіне дәл осындай кітаптар қойылған. Ертегіде орын алатын оқиғаларды ұнатушылар бұл жерден «Казахские богатырские сказания» жинағын, қазақ және орыс тілдеріндегі «Волшебное спасение ледяного мира арманитов» атты заманауи ертегісін, В.Гауф пен Г.Х.Андерсеннің классикалық ертегілерін, «Вечера на хуторе близ Диканьки» кітабындағы Н.В.Гогольдің ертегілік повестерін, сондай-ақ А.С.Гриннің «Алые паруса» ертегілік феериясын таба алады. 

Хоррорды немесе «әдеби қорқынышты» ұнататындар  Г.Лавкрафтың «Зов Ктулху», Д.Фаулздың «Коллекционер», Ч.Паланиктың «Колыбельная», Э.Т.А.Гофманның «Эликсиры Сатаны» кітаптарын, сондай-ақ әртүрлі авторлардың повестері енгізілген «Вампиры» жинағын оқып шығуына болады. Қиялы бай, әр нәрсені армандап жүретін адамдар С.Лукьяненконың, А.Беляевтың, Макс Фрайдың, У.ЛеГуин мен Г.Уэллстің фантастикалық шығармаларына лайықты баға бере алады. Ал романтикаға жақын жандар С.Торайғыров, С.Көбеев, С.Мұқанов, Ш.Бронте, К.Маккалоу, М.Митчелл, Б.Л.Пастернак, Г.Г.Маркес секілді авторлардың қаламынан шыққан махаббат жайындағы жаныңды толқытар оқиғалардан, сондай-ақ прозашылар мен ақындардың «Русская классика о любви» және «Лучшие стихи Серебряного века о любви» жинақтарынан ләззат алары сөзсіз.

Көрме әдебиеттің түрлі жанрларын насихаттауға, оқырманның ой-өрісін кеңейтуге, жұрттың назарын атақты авторлар мен олардың шығармаларына аударуға көмектеседі. 

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus