Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
Мың жылдық мысалшы
05.02.2019

Әмбебап оқу залы орыс жазушысы, Петербург ғылым академиясының академигі, атақты мысалшы И. А. Крыловтың туғанына 250 жылтолуына арналған «Мың жылдық мысалшы» кітап көрмесін тамашалауға шақырады.

Болашақ мысалшы айтарлықтай білім ала алмады, алайда табиғат берген талантының арқасында өз заманының ең білімді адамдарының бірі болды. Мысал Крыловтың талантын толық және жан-жақты көрсете алған жанр болды.

Крылов билік өкілдерінің іс-әрекетін әжуалай жүріп қарапайым адамдардың мүддесін қорғады, ол адамдардың көптеген кемшіліктерін, әсіресе өзімшілдігін, ақымақтығын және мақтаншақтығын сынады. Оның мысалдары бізді шынайы адамгершілік құндылықтарын, халық даналығын түсінуге үйретеді, өмірлік тәжірибеміздің кеңеюіне көмектеседі.

Көрмеге автордың шығармалары, оның өмірі мен шығармашылығы жайындағы әдебиеттер қойылған. Барлық тілек білдірушілерді көрмені тамашалауға шақырамыз.

Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus