Қазақша | Русский | English
Дүйсенбі-Жұма – 9.00 – 20.00
Жексенбі – 9.00 – 17.00
Сенбі мен айдың соңғы жұмыс күні – демалыс күндері
Келушілер арасында сауалнама жүргізу
Дауыс беру
Нәтижелер
«Жетістік жолы»
12.02.2019

Өлкетану әдебиеттері бөлімі саясатшы, тарих ғылымдарының кандидаты В. Г. Вишниченконың 70 жылдығына арналған «Жетістік жолы» көрмесін тамашалауға шақырады.

Ашықтығы, ғылым мен жұмыстағы жетістігі, түрлі істермен әуестенуі (шахмат, теннис, сурет салу, музыка), елдің қоғамдық өміріне белсенді араласуы Валерий Георгиевичтіжетістікке жете білген жан ретінде сипаттайды.

Валерий Георгиевич егемен Қазақстанның саяси институттарының ақпараттық аппаратын жетілдіру мәселелеріне арналған ғылыми жарияланымдар мен мақалалардың, және көптеген кітаптардың авторы болып табылады.

Көрмеге мерейтой иесінің кітаптары қойылған, солардың бірі автордың естеліктері, түрлі жылдардағы сұхбаттары, толғаныстары, мақалалары мен жарияланымдары енген «Спираль жизни» кітабы болып табылады. «Костанайская областная Ассамблея народа Казахстана: история создания и становления» кітабы оқырмандардың облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының мемлекеттің ұлтаралық қарым-қатынас саласындағы саясатын жүзеге асырудағы рөлін толығырақ түсінуіне мүмкіндік береді. Сондай-ақ көрмеге Валерий Георгиевичтің сұхбаттары, оның қызметі жайындағы материалдар, оның редакциясымен шыққан кітаптар қойылған.

Көрмені көрген әр оқырман түрлі салада биіктен көрінуге мүмкіндік беретін өзінің жетістік жолын таба алады деп сенгіміз келеді.


Кері қарай

Комментарии ()

Авторизуйтесь на сайте для комментирования.
Буктрейлерлер
Яндекс.Метрика
Free counters!
Қате көрсеңіз оны бөлектеңіз де, "CTRL+Enter" басыңыз

Жоғары

X

X
X
Система Orphus